Қытайлық Apple өнімдерін пайдаланушылар енді бірқатар қосымшаны пайдалана алмайды.The Wall Street сайтының хабарлауынша, 19 сәуірден бастап Қытайдың App Store дүкенінде Telegram, WhatsApp, Threads және Signal қосымшалары жоқ. Apple компаниясының мәлімдеуінше, бұл қосымшалар Қытай үкіметінің талабы бойынша алынып тасталды. «Біз келіспесек те, бизнес жүргізетін елдердің заңдарын сақтауға міндеттіміз», - деп атап өтті Apple компаниясы. Қытай тарапы бұл ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жасалып отырған шара деп түсіндірді.Айта кетейік, Қытайда Facebook және Instagram сияқты әлемге танымал әлеуметтік желілер ашылмайды. Әйтсе де, қытайлық пайдаланушылар VPN арқылы қосымшаны пайдалана алады. Алайда, Қытай заңы бойынша VPN пайдалану заңсыз саналады.