АҚШ-та бағасы 3500 доллар тұратын Apple Vision Pro кеңейтілген шындық гарнитурасының сатылымы басталды. Елдің әртүрлі қаласындағы Apple Store сауда дүкендерінде сатып алушыларға жаңа өнімнің қандай мүмкіндіктері бар екені таныстырылады. Бұл туралы 3dnews хабарлайды.Apple компаниясының алғашқы аралас шындық гарнитурасы пайдаланушыларға кеңейтілген және виртуалды шындық тәжірибесін ұсынады. Құрылғы пайдаланушының көзқарасын бақылайды. Сонымен қатар қимылдар мен дауыс пәрмендері арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Apple жаңа өнімді гарнитура емес, "кеңістік компьютері" деп атайды."Кеңістіктік есептеулер дәуірі келді. Apple Vision Pro – бұрыннан келе жатқан ең озық тұтынушылық электроника құрылғысы. Оның революциялық және сиқырлы пайдаланушы тәжірибесі біздің қарым-қатынас жасауымыз бен зерттеу тәсілімізді өзгертеді", – деді Apple бас директоры Тим Кук. АҚШ-тағы ресми Apple дүкендері 2 ақпанда жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8:00-де ашылды. Мұндағы қызметкерлер келушілерге Vision Pro қолданбасының тегін сынақ нұсқасын ұсынады. Бұл науқан аптаның соңына дейін жалғасады. Бұған қоса, Vision Pro демонстрациясын 5 ақпан және одан кейінгі күнге резервтеу мүмкіндігі ашық.