"Апта сайын бір көлік құлайды": Алматы облысының тұрғындары қауіпті көпірден өтуге қорқады

Алматы облысы Ащыбұлақ елдімекеніне кіре берістегі көпірді тұрғындар "қауіпті өткел" дейді. Айтуларынша, соңғы 1 айда осы жерден 5 автокөлік суға құлапты. Себебі, көпір қоршалмаған, жол белгілері қойылмаған. Жаяу жүргіншілерге арналған жол да жоқ. Жұрт енді осы мәселені құзырлылар шешіп берсе дейді. Олармен тілшіміз Әйкерім Пернебек тілдесті.Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ: Қазір біз Жөпек батыр ауылының шыға берісінде тұрмыз. Облыстық маңызы бар жол болғандықтан үлкенді-кішілі көлік легі үзілмейді. Күні кеше дәл осы жерде жеңіл машина көпірдің жиегіне шығып кетіп, арыққа құлаған. Жол өте тар әрі қауіпті, менің де бойымда қорқыныш бар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл жолдың ерекше тылсым күш бар, өйткені жол-көлік апаты жиі болатын көрінеді. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Машина түсіп кетеді әйтеуір, қалай түседі білмейміз. Анадан келеді бәрі осы жақтан келгенде түсіп кете береді. - Тар өте тар. Авария жиі жиі болып тұрады. 3 күн қатарынан мына жерде машина аударылып, жол апаты болған. - Жиі болады иә, кеше біреуі түсіп кетті. Енді сол апта сайын біреуі түсіп тұрады ғой, екі апта, бір апта. Бұрыннан тұрғпнда мына Рөлдің памятингі тұр ғой, осы жерде бір адам түсіп қайтыс боп кеткен. - Мәшине қатты келіп қалса артыңнан келіп қалады ма, алдыңнан келе ма деп өткен кезде әрине қорқамыз. Көпір үстінде жаяу жүргіншілерге арналған жол жоқ. Ал қаншама адам күн сайын әрі-бері қатынайды. Дәурен, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Жол қысқа, знактар көрінбейді. +аударылады ғой машина. Көбінесе түнгі уақытта болады бұндайлар, түнде көрінбейді. Көбісі сол ауыл тұрғындары ғой, біліп тұрып солай көрмей қалып, үлгермей қалып сондай болып жатыр ғой. Жолды кеңейтсе немесе ыңғайлы қылып жасаса дұрыс болар еді. Өте тар. АуылдыҚ округ әкімінің айтуынша, олар автокөліктердің жиі апатқа ұшырайтынын аңғарып, жылдың басында жол белгілері мен темір қоршауын қалыпқа келтіру бойынша басқармаға хат жолдаған. Келер жылы бұл бағытқа Алматы-Тілендиев тас жолы қосылады, сол кезде көпір сәл кеңейтілуі мүмкін дейді. Жасұлан ОҢАЛБАЕВ, АЩЫБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Қазіргі таңда оның алдын алу шаралары бойынша, бүгін ғана сөйлестім, жол-көлік басқармасымен олар жақын арада жол белгілерін қойып қазір енді сол жерге бетондарды қоямыз деп жоспарлап отыр. Бетонды қорғауыштардан бөлек, жарық шағылыстырғыштар орнатылады. Ал Іле ауданы полиция басқармасы жол-көлік апатының алдын алу үшін 50 км-ге дейінгі жылдамдықты шектеу белгілісі мен "қауіпті оңға бұрылу" және "қауіпті солға бұрылу" ескертпелерін орнатпақ. Қазір тиісті басқарма мамандары автожолға қосымша тексеру жүргізуде.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді