Абай облысындағы орман өртіне қатысты соңғы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Абай облысы Семей резерватындағы орман өрті бойынша қазір жағдай тұрақты. Таң атқалы өртті барлау жұмысы жүріп жатыр. Қазір тілсіз жаумен күреске 8 тікұшақ жұмылдырылып, өрт сөндіріліп жатыр», - дейді Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов. Оның айтуынша, жұмыс барысына күннің ыстығы, жел кедергі келтіріп, орманның ішкі жағына кіруде қиындық бар. «Өрт сөндіру жұмысына барлық құзырлы мекемелер тартылды. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы мамандары, Қорғаныс министрлігінің жеке құрамы, тағы басқалар бар», - дейді өртке қарсы қызмет комитетінің басшысы.