«Әр қазақстандық жылына 3 келі 700 грамм балық жейді», - Сергей Пономарев

Елімізде балық өсіретін шаруашылықтар көбейген. Қазір олардың саны 500-ге жетті. Сәйкесінше, балық көлемі де біршама артқан. Мәжілісте «Акваөсіру туралы» заң жобасы талқыланды. Енді елімізде балықты сақтандыру тетігі енгізілуі мүмкін. Нариман ЖҮНІСОВ, ҚР АШМ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Балық шаруашылығына жеке инвестицияның тұрақты өсіп келе жатқаны байқалады. 2021 жылы салаға 6,1 млрд теңге инвестиция салынса, өткен жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 22 млрд теңгеге жетті. Сондай-ақ былтыр субсидиялауға 4,1 млрд теңге қарастырылды. Бұл бір жыл бұрынғы көлемнен 4 есеге көп. Осы жылға шамамен 4 млрд теңге қарастырылып отыр. Салалық бағдарлама аясында жыл сайын қаржы көлемі арта түсетін болады. Суда балық көбейді дегенмен, қазақстандықтар бұл өнімге әлі күнге жарымай отыр. Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев су қоймалары мол болғанымен, дастархандағы балықтың дені сырттан келетінін айтты. Сергей ПОНОМАРЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ: Біз жылына 3 келі 700 грамм балық жейміз – бұл өте аз. Бізде тек мерекелік дастарханда ғана балық болады. Оның өзі негізінен қызыл балық, ақсерке, яғни, сырттан келген өнім. Бізде Балқаш, Зайсан, Каспий сынды су қоймалары көп. Ал балық қағазда ғана өсіріледі. Сондықтан да Мәжіліске «Авкаөсіру туралы» заң жобасы енгізіліп отыр. Біз балық өсіру тиімді болу үшін, тұрғындардың дастарханында балық үзілмес үшін бәрін жасауға тырысамыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, алты адам құтқарылды
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Путинцева жартылай финалға шықты
Фристайлдан ӘЧ: Ел қоржынына тарихи алтын түсті
Банк саясаты саласындағы келісімді ратификациялады
Маңғыстау техникалық колледжінде 243 млн теңге жымқырылды
БҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, алты адам құтқарылды
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Алматы маңында жер сілкінді
Елордада қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі