Ресейдің Екатеринбург қаласында әйел баласымен бірге терезеден секіріп кетті. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі хабарлап отыр. Оған әйелдің алкогольдік психозы себеп. 43 жастағы Мария алкогольдік ішімдікті мөлшерден тыс ішіп, салдарынан оған төсектің астында құбыжық бар секілді көрінген. Баласының қолынан ұстаған күйі ол үшінші қабаттан секіріп кеткен. Оларды таңертең жұмысқа шығып бара жатқан көршілерінің бірі байқап қалып, аулада жатқан жерінен үйге кіргізген. Сонан соң жедел жәрдем көлігін шақырып, полицияға хабарласқан. Әйелді медицина өкілдері алып кеткен. Ол аяғын сындырып алыпты, сондықтан да есіктен еңбектеп кірді. Бала ауыр жарақат алмаған.