Арал теңізінің құрғаған табанына сексеуілден өзге де өсімдіктер егуге болады. Бұл аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Испанияның Қазақстандағы елшісі осындай ұсыныс білдірді. Өзге де бірнеше ел Қызылорда облысына инвестиция құюға ниетті. Испаниялық Хорхе Урбиоланың Қызылордаға алғаш келуі. Аралдың табанына дейін барған оны құмды аумақтың тұрмыс-тіршілігі ерекше қызықтырған. Сондықтан болашақта бірлесе жұмыс жасауға ұсыныс білдіруде. Хорхе УРБИОЛА, ИСПАНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ: Испания Еуропадағы ең құрғақ мемлекет. Аралдың климаттық жағдайымен ұқсас десем де болады. Біздің елде соңғы технологияға сай жұмыс істейтін компания бар. Олар құмды аумаққа бейімделген өсімдіктер егуді қолға алған. Болашақта осы мамандар Аралдың экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосады деп ойлаймын. Аймаққа 19 елдің өкілі арнайы шақыртумен келген. Олар Қорқыт ата мемориалды кешенінде болып, музейдегі құнды жәдігерлермен танысты. Сонымен қатар, Арал өңірінің экология және экономикалық ахуалын көрді. Ирина МАНГУЛЕ, ЛАТВИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ: Біздің басты мақсат аймақтың тұрмыс-тіршілігімен танысу. Сонымен қатар Аралды көріп, экологиялық мәселесіне жіті қанығу. Оның құрғап бара жатқаны барлығын алаңдатып отыр. Мүмкін бүкіләлемдік одақ тарапынан болашақта тым болмаса, көлемін сақтап қалуға қолдау болады деген ойдамын. Ол біздің осы сапарымыздың жемісі болар еді. Бұл сапардың мақсаты ірі жобаларды таныстыра отырып, шетелдіктердің қызығушылығын ояту. Арал мәселесі де басты назарда. Ардақ ЗЕБЕШОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:Осы өңірде әрдайым соғып тұратын жел бар. Сол жел энергетикасы, күн энергетикасы. басқа да өңдеу салаларында, жергілікті балық өңдеу, басқа да ауылшаруашылығы заттарын өңдеу көріп жатыр елшілер танысып. Өте үлкен қызығушылық білдіріп жатыр. Негізгі бөлісетін тәжірибелерімен бөлісіп жатыр. Ұйымдастырушылар 8 елдің өкілі бірлесе жұмыс жасауға ниетті екендерін жеткізді. Алдағы уақытта соған сай аймаққа инвестиция тарту мәселесі жан-жақты талқыланбақ.