Арал теңізінің құрғаған табанына сексеуілден өзге де өсімдіктер егіледі

Арал теңізінің құрғаған табанына сексеуілден өзге де өсімдіктер егуге болады. Бұл аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Испанияның Қазақстандағы елшісі осындай ұсыныс білдірді. Өзге де бірнеше ел Қызылорда облысына инвестиция құюға ниетті. Испаниялық Хорхе Урбиоланың Қызылордаға алғаш келуі. Аралдың табанына дейін барған оны құмды аумақтың тұрмыс-тіршілігі ерекше қызықтырған. Сондықтан болашақта бірлесе жұмыс жасауға ұсыныс білдіруде. Хорхе УРБИОЛА, ИСПАНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ: Испания Еуропадағы ең құрғақ мемлекет. Аралдың климаттық жағдайымен ұқсас десем де болады. Біздің елде соңғы технологияға сай жұмыс істейтін компания бар. Олар құмды аумаққа бейімделген өсімдіктер егуді қолға алған. Болашақта осы мамандар Аралдың экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосады деп ойлаймын. Аймаққа 19 елдің өкілі арнайы шақыртумен келген. Олар Қорқыт ата мемориалды кешенінде болып, музейдегі құнды жәдігерлермен танысты. Сонымен қатар, Арал өңірінің экология және экономикалық ахуалын көрді. Ирина МАНГУЛЕ, ЛАТВИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ: Біздің басты мақсат аймақтың тұрмыс-тіршілігімен танысу. Сонымен қатар Аралды көріп, экологиялық мәселесіне жіті қанығу. Оның құрғап бара жатқаны барлығын алаңдатып отыр. Мүмкін бүкіләлемдік одақ тарапынан болашақта тым болмаса, көлемін сақтап қалуға қолдау болады деген ойдамын. Ол біздің осы сапарымыздың жемісі болар еді. Бұл сапардың мақсаты ірі жобаларды таныстыра отырып, шетелдіктердің қызығушылығын ояту. Арал мәселесі де басты назарда. Ардақ ЗЕБЕШОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:Осы өңірде әрдайым соғып тұратын жел бар. Сол жел энергетикасы, күн энергетикасы. басқа да өңдеу салаларында, жергілікті балық өңдеу, басқа да ауылшаруашылығы заттарын өңдеу көріп жатыр елшілер танысып. Өте үлкен қызығушылық білдіріп жатыр. Негізгі бөлісетін тәжірибелерімен бөлісіп жатыр. Ұйымдастырушылар 8 елдің өкілі бірлесе жұмыс жасауға ниетті екендерін жеткізді. Алдағы уақытта соған сай аймаққа инвестиция тарту мәселесі жан-жақты талқыланбақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістан облысында тағы да жаппай төбелес болды
"Ұл-қыз өсіріп отырған соң қорқасың". Қарақат Әбілдина жан сырын ақтарды
Атыраудың қақ ортасында жүк көлігі велосипед мінген жасөспірімді қағып кетті
Атырауда су деңгейі әлі шарықтау шегіне жеткен жоқ – ТЖД
1 маусымнан бастап Қазақстанда не өзгереді?
«Ұлттық ойын атауы Парламентке тиесілі емес»: Тоғызқұмалақ федерациясы ресми мәлімдеме жасады
Алматы өмір сүру сапасы бойынша Мәскеу мен Шанхайды басып озды
31 мамырға ауа райы болжамы
Абай облысының тұрғынынан аса ірі мөлшерде марихуана тәркіленді
"Бүйрегінен тоқтаусыз ұрған". 18 жастағы сарбаздың өліміне қатысты тың дерек айтылды
Найзағай, бұршақ, тұман: 31 мамырға арналған ауа-райы болжамы
Елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Алтын іздеушілердің қылмыстық тобы ұсталды
Стадионда матч кезінде трубада ойнаған жанкүйер жұртты тәнті етті
Пәкістанда автобус жардан құлап, 28 адам қайтыс болды
Бетперде таққан жігіт тағы бір отбасына қуаныш сыйлады
Атырауда көппәтерлі тұрғын үйдің жанында 5 гараж өртенді
Қазақстандық төрешілер күрестен Париж Олимпиадасында қазылық етеді
ШҚО-да бұршақ жауады
Алматы облысында рейстік автобус апатқа ұшырап, бір адам көз жұмды
Мерей Әбілова келін атанғаннан кейін алғаш рет сұхбат берді
Полицейлер мен құтқарушылар жертөледен шыға алмай қалған әйелді құтқарды
Исландияда жанартау атқылап, мыңнан астам адам көшті
Нұрлан Әлімжан Әйгерім Қалаубаевамен арақатынасы туралы айтты