Ұлттық архивтің құрылғанына - 17 жыл. Осыған орай архив, құжаттама және кітап ісіне қарасты мекемелер арасында спорттық турнир өтті. Маңызды құжаттарды жинақтайтын қызметкерлер волейбол, арқан тартыс, үстел тенисі бойынша бақ сынасты. Жарысқа 6 командадан 100 адам қатысты. Іс-шара «AMANAT» партиясының қолдауымен өткізілді. Жеңімпаздар алхыс хат, сыйлықтармен марапатталды.Сағила НҰРЛАНОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ АРХИВІ ДИРЕКТОРЫ:Архивистерді елдер ойлайды, тек қана құжаттарды қоймада сақтап, сол құжаттарды өңдеп отырады деп. Біздің ұлттық архивтің қызметкерлері белсенді түрде спортқа қатысады. Спорт әрбір адамның өмірінде болу керек. Күніне 30-40 минут гимнастика жасасақ бұл біздің денсаулығымызға өте пайдалы. Мұхамеджан БОЛЫСБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:Ұлттың саулығы – елдің саулығы. Елдің саулығы болашақтың жарқын болуымен пара-пар. Сондықтан да біз үшін әрбір азаматтың, әрбір Қазақстан азаматының дені сау болғаны және спортқа жақын болғаны – маңызды. Сондықтан өзіміздің тарапымыздан әрқашан спорттық шараларды қолдап, жиі-жиі өткізетін боламыз.