Арқалық жылу-энергетикалық орталығы көмірмен жұмыс істеуге дайын ба? Аймақты дамыту бағдарламасы шеңберінде Мәжіліс депутаттары шалғайдағы шаһарда осы мәселені көтерді. «AMANAT» партиялық бақылау комитетінің және аймақтық даму кеңесінің бірлескен көшпелі отырысында Арқалық жылу орталығының жұмысы талқыға түсті. Көпшілікті толғандырған түйткіл партияның да жіті бақылауында. Арқалықтың жылу жүйесін біртіндеп көмірге көшіру мақсатында қазынадан 7,4 миллиард теңге бөлініп, жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту жобасы қолға алынған еді. Бірақ екі жыл бұрын қайта жаңғыртудан өткен нысан әлі күнге дейін көмірмен жұмыс істеуге көшпеген.Берік БЕЙСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ Халықтың, әкімшіліктің, әкімнің көтерген сұрақтарының бірі осы ТЭЦ жұмысы. Көптен бері көтеріліп жатқан шаруа.Өйткені 2021 жылы қабылданған.Ал 2021 жылдан бүгінге шейін тұрақты жұмыс істемей жатыр. Қаланың жылу жүйесіне жауапты мекеме басшылары түгел жиынға қатысты.Отырыс барысында оларға нақты тапсырмалар жүктелді. Екібастұздың жағдайын қайталамау үшін,қыс қамына ерте кірісу керек,- деді халық қалаулылары.Ал мердігер компания өкілдері құрылыс барысында кеткен кемшіліктер түгел түзеткен. Енді тек орталықты сынақтан өткізу шаралары қалғанын айтады. Айдар ҚИЯЛБАЕВ, "АЗИЯЭНЕРГОПРОЕКТМОНТАЖ" ЖШС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Олқылықтар түгел жойылды.Сондықтан ескертуге қатысты алып қосарым жоқ. Ендігі кезекте механикалық сынақ өткізу және режимдік картаны іске қосу жұмыстары ғана қалып отыр.Бірақ бұл шаралар жылыту орталығы жұмыс істеген кезде ғана жүргізіледі.Қазір қала басшылығымен қазандықты іске қосу мерзімін келісіп жатырмыз.