Арқалық маңындағы ауылдарда «AMANAT» партиясы бақылау комитетінің көшпелі отырысы өтті

Арқалық маңындағы ауылдардың мәселесі «AMANAT» партиясының жіті бақылауында. Аймақтық даму кеңес мүшелері шалғайдағы елдімекендерде көшпелі отырыс өткізді. Көпшілік көтерген проблемалардың шешу жолдарын қарастырды. Мәжіліс депутаттары аймақты дамыту бағдарламасы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстарды талқылап, тиісті басқарма басшыларына тапсырма жүктелді.Халық қалаулылары әуелі Қарынсалдыға ат басын тіреп, ауыл жұртшылығымен кездесті. Тұрғындарды жол, телефон байланысы секілді түйткілдер толғантады.Осы проблема оңтайлы шешілмеген соң елдімекеннен көшіп кеткендер көп.Жағдай жасалмаған соң жас мамандар да тұрақтамайды. Серік ОРАЗБАЕВ, ҚАРЫНСАЛДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Халқы бар.Үлкен ауыл.Біраз адамдардың көшіп кеткені осы жерден телефон байланысы және жолдың жоқтығы. Гүлсім МОЛДАҒАЛИЕВА, ҚАРЫНСАЛДЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Мектебімізде интернет өте әлсіз.Әлсіз болғанымен біз жұмыс істемей отыра алмаймыз ғой.Өте қиын байланыс.Сонымен қатар көшіп келіп жатқан жас отбасыларға өте қиын болып жатыр интернет желісі. Ауылды жүз елуге жуық адам тұрады. Халық саны аз болған соң байланыс операторлары бұл өлкеге байланыс орнатуға құлықсыз. Бірақ жергілікті шенеуніктер шешу жолдарын қарастырып жатқанын айтты.Комитеттің көшпелі отырысында Ашутасты ауылындағы «Арқалық ауыл шаруашылығы тәжірибелік станциясының» тығырыққа тірелген жағдайы көтерілді. Кәсіпорынның шаруасы он жылдан бері шатқаяқтап тұр. 52 мың гектар жері бар ірі кәсіпорынның ісі ілгері басса іргелі ауыл тұрғындары да жұмыспен қамтылар еді. Олжас ТІЛЕБАЛДИН, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Арқалық тәжірибелік станциясын ары қарай жеке бәсекелік ортаға беру немесе еліміздегі 3 аграрлық жоғары оқу орындары бар.Солардың қарамағына беріледі.Сол мәселе қаралатын болады.Толыққанды шешім жақын арада болу керек. «AMANAT» партиясы «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында Арқалық-Державин бағытындағы тас жол жөнделе бастады. Игі мақсатқа республикалық бюджеттен 2,4 миллиард теңге бөлініп отыр. Тас жол ресайклинг тәсілімен салынып жатыр. Мердігер мекеменің қырықтан астам арнаулы техникасы мен арнайы зауыты бар. 80 адам жұмысқа тартылған. Олардың арасында Арқалық қаласының тұрғындары да екі қолға бір күрек тапты. Халық қалаулылары тас жолдың сапасы мен жұмыс барысын үнемі бақылап отыр. Берік БЕЙСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Көптен айтылып жүрген үлкен проблема Арқалық пен Державин қаласы арасындағы осы тас жолы.Осы жол бойынша 38 шақырымды бастап кеткен, көріп жатырмыз 24 шақырымы бітіп тұр екен.Енді Алла жазса екі-үш жетіде қалғанын бітіреміз деп отыр. Партиялық бақылау комитетінің көшпелі жиыны Арқалық қаласында жалғасын тапты. Онда аймақты дамыту бағдарламасы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстар талқыланып, тиісті басқарма басшыларына тапсырма жүктелді. Қырмызы ЖАҢБЫРШИНА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ: Қаланың ішіндегі автобус маршруттарын субсидиялау жөнінде сұрақтар көтеріліп жатыр.Бұл мәселені біз облыстық мәслихат комиссиясында қарастырдық жақында.Ары қарай сессияда қарастыратын боламыз. Еңбектің бәрі халық үшін.Халықтың игілігі үшін.Сондықтан өзекті мәселенің бәрін біз көтеруге тырысамыз. Соңғы он жылда Амангелді, Жангелдин, Арқалықтағы халық саны 10 мың адамға азайған. Тұрғындардың көшуіне ауыз су, жол, телефон байланысы секілді түрлі түйткілдер түрткі болып отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды