Арқалықта бесінші қабаттың балконынан құлаған қызды құтқарған полицейге пәтер берілді

Арқалықта бесінші қабаттың балконынан құлаған қызды құтқарған полицейге пәтер берілді, – деп хабарлайды Астана телеарнасы Polisia.kz. Патрульдік полиция қызметкері Алмат Әмірханға Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов қызметтік тұрғын үй кілтін табыстады. Бұған дейін полиция қызметкері туыстарымен бірге тұрып келген. Естеріңізге сала кетейік, оқиға 7 қаңтарда болған. Қоршауға ілініп үлгерген қыз балконнан құлап түскен болатын. Бұл туралы қалалық ЖБО-ға өтіп бара жатқан адамдар таңғы сағат 05:30-да хабарлады. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері Алмат Әмірхан мен Руслан Қапсаматов барып, жағдайды бағалап, қызды құтқару үшін барлық шараларды қабылдады. "Полиция қызметкерлері өңірдегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді және күнделікті жұмыста қиын жағдайларға тап болады. Кейде адам өмірі тәртіп сақшыларының кәсіби әрекеттеріне байланысты болады. Осындай ерлік әрекеті үшін Алмат Әмірханды қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды", – деп атап өтті Арқалық қаласының әкімі."Енді отбасын құру туралы ойлануға болады", – деп атап өтті тәртіп сақшысы. Әзірге полиция қызметкері ем қабылдап жатыр. Құтқару кезінде ол аяғынан жарақат алған болатын.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Балалар есінен танып қалды": Қостанайдағы сырғанақтар тексеріледі
Түлкібас ауданының әкімі тағайындалды
Түсіп қалған тістердің орнына жаңасын өсіретін дәрі бар
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті