Арм Бэк атауымен елде жаңа спорт түрі пайда болды. Бұл арнайы құрылғының атауы. Ағылшын тілінен аударғанда қолмен тарту деген мағынаны білдіреді. Ол мүмкіндігі шектеулі балалардың қозғалысын реттеп, қарым-қабілетін жетілдіреді. Осы жаңа спорт түрі бойынша ең алғашқы жарыс Астанадағы жекпе-жек сарайында өтті. Оған 8 өңірдің өкілдері қатысты. Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «АМАNАТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Мынау емдеу шараларынан бөлек те, ерекше физикалық салмақ салу арқылы балаларға емдеу методикасы кіргізу жоспарда айтылып жатыр. Бұл жерде бірінші баланы қолдау, екінші үміт беру, үшіншіден бұл ата-аналардың бақыты, ата-аналардың қуанышы. Мадина ЕСКЕНЕЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бұл барлық аналар үшін үлкен қуаныш. Бейімделген спортпен айныласы алатынымыз балама үлкен мотивация береді. Баламның ерекшелігін біле тұра, оның әрбір жеткен жетістігіне қуанамын.