Арнайы бортпен Түркиядан Қазақстанға 64 адам эвакуацияланды

Арнайы бортпен Түркиядан елімізге 64 адам жеткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».«Газиантеп қаласынан арнайы бортпен Қазақстанның – 42, Қырғызстанның 22 азаматы эвакуацияланды», - деп мәлім етті оқиға орнынан ақпарат таратып жатқан агенттік тілшісі Ақжігіт Шүкібай. Елге оралған азаматтар Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакыр, Шанлыурфа және Элязык провинцияларынан келген. Осы уақытта арнайы борт Астана халықаралық әуежайына қонды. Эвакуацияланған адамдар паспорттық бақылаудан өтіп жатыр. Еске салайық, Қазақстан құтқарушылары мінген борт 7 ақпан күні Газиантепке қонған болатын. Мамандарымыздың екінші тобы Газиантепке кешке кешқұрым жетті. Қазақстан ұшағымен алғашында 16 адам эвакуацияланған болатын. Қазір Түркиядағы жер сілкінісі кезінде жоғалып кеткен қазақстандықтар іздестіріліп жатыр. Олардың бірі – Сабина Мамадьярова 8 ақпан күні кешке аман-есен табылды. Төтенше жағдайлар мен апаттар жөніндегі басқарманың (AFAD)дерегіне сәйкес, 6 ақпан күні Кахраманмараш-Пазарджик ауданында 7,7 балл қуатымен және Эльбистанда 7,6 балл қуатымен жер сілкінгеннен кейін 648 афтершок болды. Жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда сезілді. Түркия басшысы Режеп Тайи Ердоған 10 провинцияда 3 айға төтенше жағдай режимін енгізді. Кеше, 8 ақпанда түрік елінде 5,4 магнитудасымен тағы бір сілкініс тіркелді. Соңғы мәліметке сәйкес, Кахраманмараштағы зілзала салдарынан 12 391 адам көз жұмды, 62 914 адам жарақат алды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Автобустың дөңгелегі жарылып, 38 адам мерт болды
Ұлытауда 1,1 млрд теңгеге 2 құс фабрикасы салынады
Қазақстандық хоккейшілер Канадада жеңіске жетті
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды
Атырауда сүт әкелуге кеткен оқушы табылмай жатыр
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
«Өліп кетуі мүмкін еді»: Дәрігер биіктен құлаған мұғалімнің қандай жарақат алғанын айтты