Алмалы аудандық сотында абайсызда адам өліміне әкеп соқтырғаны үшін (ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі) сотталушы К-ға қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды.Сот анықтағандай, 2023 жылдың жазында сотталушы К., ғимаратты күзету мақсатымен, полициясы департаментінің ғимаратына келген. Сотталушының әріптесі қызметтік қаруды алғаннан кейін, белбеуін байлау үшін оны ұстауын К.-дан сұраған. Сотталушы К., өз кезегінде қызметтік қаруды қолына алып, оны қолданудың барлық ережелерін елемей, қаруды жоғары-төмен сермеуге кіріскен. Оның осы әрекеттерінің салдарынан сотталушы абайсызда қарсы тұрған әріптесінің басынан атып, соңғысы сол жерде жан тапсырған. Сотталушы Қ. өз кінәсін толык мойындап, жасаған әрекетіне өкінді. Прокурор 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. "Сот сотталушы К-ны кінәлі деп танып, Қылмыстық кодекстің 104-бабының 1-бөлігімен 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына моральдық шығын үшін 10 миллион теңге және материалдық шығын үшін 3,5 миллион теңге өндірді. Жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар- сотталушының өз кінәсін мойындауы және оның жас болуы. Жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ", - делінген Almaty sottary Telegram-арнасының хабарламасында.Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған апелляциялық тәртәппен шағым жасалуы мүмкін.