Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Теміртау қаласы кәсіпкерлерінің ұжымдық өтініші негізінде «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.Тексеріс нәтижесінде, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның тарапынан кәсіпкерлерді Теміртау қаласының жылумен жабдықтау желілерінен заңсыз ажырату бөлігінде заңбұзушылықтар анықталды. ТМРКД «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның өтініші бойынша соттың қарауына берілді. «Теміртау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2023 жылғы 5 қазандағы қаулысымен «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшін, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-на 5 520 000 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген комитет хабарламасында.