ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр үкімет брифингінде "АрселорМитал Теміртауды" қазақстандық инвестор сатып алатынын айтты, деп хабарлайды Астана телеарнасы Zakon.kz-ке сілтеме жасап. "Қазір біз компанияны атай алмаймыз. Бірақ кәсіпорынды отандық инвестор нарықтық бағамен сатып алады",- деді Роман СклярОл бірінші кезекте оның өнеркәсіптік қауіпсіздікке инвестиция салуын қамтамасыз ететінін атап өтті. "Инвестициялар көлемі бір миллиард доллардан асады", - деді ол.