Шахтинскіде өртенген пәтерде "АрселорМиттал Темиртау" заңгері Ирина Эмнің денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Заңгердің денесі 23 сәуірде өртті сөндіру кезінде табылған. ҚР ҚК 99-бабы, 1-бөлігі "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның мән-жайын және қылмыс жасаған адамды табу бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - делінген Қарағанды облысы ПД таратқан хабарламада. Еске салсақ, 54 жастағы Ирине Эмнің денесі пышақ жарақаттарымен өртенген пәтерде табылғаны белгілі болды.