«АрселорМиттал Теміртауды» мемлекет меншігіне алу рәсімі аяқталуға жақын - Үкімет басшысы

Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Костенко атындағы шахтада болған оқиғаларды тергеп жатыр. Қылмыстық іс Бас прокурордың бақылауында. Газ-метан қоспасының жарылуының себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында шахтада алғашқы тексеру жүргізілді. Ауысым қызметкерлерінен, басшылық пен жауапты қызметкерлерден жауап алынды. Апаттың себебін тексеруге шетелдік сарапшылар тартылды. Төтенше жағдайлар министрінің айтуынша, шахта жұмысында көп заң бұзушылық анықталған. Тау-кен қазбаларында шахта жабдықтары жылжып, 15-тен астам оқшаулағыш бөгет пен желдету құрылыстары қираған. Қазір оқиға орнында 7 шағын комиссия жұмыс істеп жатыр деді. Сырым ШӘРІПХАНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ: Қазіргі уақытта ашық жану ошақтары жоқ, газ жағдайы қалыпты. Шахтаның қызметін қалпына келтіру үшін тау-кен қазбаларын зерттеу және жекелеген учаскелерде су сору жұмыстары жүргізілуде. Премьер-министр шахталардағы адам өліміне әкеп соққан апаттарға кәсіпорын басшылығы кінәлі дейді. Қаза тапқандардың отбасыларына барлық көмек көрсетіледі. Зардап шеккендердің денсаулықтары қалыпқа келтіріледі. Ешкім назардан тыс қалмайды деді Үкімет басшысы. Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Мұндай әрекетсіздіктің салдары бірнеше жылдар бойы қайғылы жағдайларға әкеп соғуда. Компания өз міндеттемелерін орындаған жоқ. Қазіргі таңда, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын Қазақстанның пайдасына беру рәсімдері аяқталу сатысында. Комиссия апаттың себептерін жан-жақты тексеріп, оған кінәлі адамдарды анықтау жұмыстарын жалғастырады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
Алматыға жақын жерде жер сілкінді
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"
Елордада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Тар киім кию қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетіні рас па?
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Павлодар облысында жылыту пункттері 10 мың адамды қабылдауға дайын
Ауа райының бұзылуына байланысты Түркістан, Жамбыл облыстарында жол жабылады