"Артынан оқ атып, досын бауыздаған".

Асаба, әзілкеш, Колобок лақап атымен танылған Елдос Кәдірханов әкесінің кісі қолынан қаза тапқанын айтты. Өнерпаздың әкесін өзінің достары о дүниелік еткенін жеткізді. Бұл туралы Елдос Аман Тасығанға берген сұхбатында “Talklike” бағдарламасына берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.Әзілкеш әкесі 2001 жылы кісі қолынан қаза тапқанын жеткізді."Әкем ет саудасымен айналысатын. Достары әкеме бір үлкен ет сататын орталыққа барайық деп Леңгірге алып кетеді. Сол күні әкеммен бірге төрт адам көлікке отырып жолға шығады. Сол көліктің артында отырған таныс достары әкемнің артынан оқ атады. Ал рөлде отырған әкемнің досы көлікті тоқтатқанда мойнын пышақпан бауыздайды. Бұл енді біздің естігеніміз", - дейді әзілкеш.Оның айтуынша, кісі өлтірген ұйымдасқан топ қылмысты жасыру үшін көлікті өртеп, қырдан итеріп жіберген."Өлтірген соң, көлікті өртеген сосын оны қырдан итеріп жіберген. Сондай жағдай орын алған. Екі отбасы ойран болды. Орын толмас қаза. Әкемнің артынан 2 бала қалса, әкемнің досының артынан 3-4 баласы әкесіз қалды, асыраушысыз қалды. Анам үйде отыратын болған соң біз қиналып қалдық. Әкем ол кезде 34-те еді. Мен ол кезде 9 жасар, інім 7-де. Анам үшеуміз қалдық артынан", - дейді Елдос Кәдірханов.Әзілкеш, қылмыскерлерге қатты кектенгенін, тіпті сол кезде бұзақы болып әкесінің кегін қайтармақшы болғанын айтты."Басында әкем қайтқанда түсінбейтінбіз. Әкем қайда?- деп анамнан сұрағанда ол кісі жылай беретін. Уақыт өте әкеміздің келмейтінін түсініп, інім екеуміз өскенде “бандит” боламыз дейтінбіз. Өлтірген кісілер біреуі 27, біреу 28 жылға түрмеге отырып кетті. Інім екеуміз өскенде әкеміздің кегін қайтарамыз деп жоспарлайтынбыз. Себебі ол кезде қатты қиналдық. Әкеміздің келмейтінін білдік сосын ерте есеюге тура келді. Анамызға көмектесіп, 8 сыныпта жұмыс істедім. Әкемнің жалғыз жан досы болатын екеуі бірге көтерілді, бірге сол көлікте қайтыс болып кетті", - деп әкесін еске алды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мұнар да мұнар, мұнар күн...
Алматы маңында жер сілкінді
Ақтөбеде Амангелді Айталы тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды
Қыста неліктен қайызғақ пайда болады? Дәрігер жауап берді
Ақтөбеде Амангелді Айталы тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды
Төрт қалада ауа ластанады
Демографияны көтеретін – жастар
“Болашақ“стипендиясына құжат қабылдау қашан басталады?
Тұңғыш инженердің үйі
Мұнар да мұнар, мұнар күн...
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған
Ел құрамасы қылышпен семсерлесуден Тунистегі гран-при кезеңіне қатысады
«Қатты қысылдым»: Қазақ жігіті Италияда тырнақ әрлеп, табыс тауып жүр (ВИДЕО)
Сапалы спорт мамандары тапшы
Банктерден ескерту: 13 қаңтардан бастап жаңа стандарт іске қосылады
Тасқын алдындағы Атырау
Павлодардағы кітап көрмесі
Абай облысында түн ішінде монша өртенді
Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
Фристайлдан әлем кубогы өтеді
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді
Жазушы мұрасы – мәңгілік
Ғылыми кеңестің отырысы өтті
БҚО құтқарушылары жоғалған ер адамды аман тапты