Арыс қаласында белгісіз біреулер екі адамды атып кетті. Күдіктілер салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, оқ атқан. Үйдің иесі және оған құрылыста көмектескен танысы алған жарақаттан қайтыс болды. Құрылыста жүрген тағы екі ер адам ауруханаға түсті. Ермек СӘРСЕНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ: Болған оқиғаның барлық жағдайы анықталуда. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында