Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта кінәсін мойындамады

Елордада Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі сотта қаралып жатыр. Процесс барысында айыпты кінәсін мойындамады.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығын орындау мақсатында мен Қазақстанға Үндістаннан ұлттық бірегей қазына - «Алтын адам» брендін тұтастай әрі аман-сау қайтардым. Аталған мұра Мемлекет басшысы жарлығының уақтылы берілуінің арқасында және Қазақстанның Үндістандағы елшілігінің көмегімен пандемия кезінде, яғни локдаун енгізілгенге дейін қайтарылды», - деді сотта Арыстанбек Мұхамедиұлы. Оның мәліметінше, «Алтын адам» елімізге 2020 жылғы 22 наурызда дипломатиялық пошта арқылы жеткізілген.«Үндістанда карантин шектеулері 2021 жылдың аяғында ғана алынып тасталды. Егер айыптау актісінің нұсқауына сүйене отырып, коронавирус өршіп тұрған кезде ұлттық мұраны Үндістанда 2 жылға жуық уақытқа қалдырып кетсек, онда тек Қазақстан ғана емес, бүкіл адамзат үшін қадірлі қазынамыздан айырылып қалар едік. Сондықтан мені айыптау актісімен мүлдем келіспеймін, өз кінәмді толық мойындамаймын», - дейді А. Мұхамедиұлы. Бұған дейін хабарлағанымыздай, сот Арыстанбек Мұхамедиұлын үйқамаққа ауыстырудан бас тартты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы беделді ат жарысында жеңіске жетті (ВИДЕО)
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Ақтау маңында жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Қазақстанда кейбір жол учаскелеріндегі көлік қозғалысы қалпына келді
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы беделді ат жарысында жеңіске жетті (ВИДЕО)
Көктайғақ, бұрқасын: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтау маңында жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Талғат Жайлауов кезекті рет "Барысқа" оралады
Түркістанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үш медициналық нысан ашылды
Шығыс Қазақстан облысында аспалы жолдың тросы үзіліп кетті
Орташа жылдамдық айыппұлын салмас үшін не істеу керек?
Омбы-Майқапшағай трассасында жол апаты болды
Бүгінгі валюта бағамы қандай
Алматыда Қазақстан-Германия глаукома орталығы ашылды
Қыста жақсы ұйықтау үшін мына 3 ережені сақтаңыз
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?