Жамбыл облысындағы Аса ауылының тұрғындары жағымсыз иістен әбден шаршадық деп шу шығарды. Орталықтандырылған кәріз жүйесі толып қала береді екен. Сасық су аулаларына жайылып, иіске тұншығып отыр. Сорақысы, ауылдағы су арнасына да құйылып жатыр.Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылына орталықтандырылған кәріз жүйесі осыдан он жыл бұрын жүргізілген. Бастапқыда, әлеуметтік нысандарға ғана тартылған. Кейін тұрғын үйлер қосылды. Соңғы жылдары кәріз жүйесінен су дұрыс жүрмей, аулаларға дейін жайылатын болыпты. Тіпті үйлердің іргелері үгітіліп жатыр. Оразкүл АЕТОВА, АСА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Үйден шыға алмай кейде гәлөшпен шығы алмай резеңке етікпен шығамыз. Балаларымызды садиктен көтеріп алып кіреміз үйге. Баланы шығармай қамап отырамыз. Бала ойнағысы келеді балаға. Тазалады әдемілеп. Болған екен деп әбден хлорлап түгел жуып тазалап, болсақ екі күннен кейін қайтадан толып тұр. Шарипа ҚОЙКЕШОВА, АСА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Аудандық аурухана қосылған сосын емхана қосылған мына инфекционный бөлімшесі қосылған. Ертең шыбын шіркей шығады. Ол адамды шағады. Содан жұқпалы аурулар тарайды. Гүлнар АМАНҚҰЛОВА, АСА АУАЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бұл турбалардың бәрі бітеліп қалған. Бұрын салған кезінде пласмасвый турба салған екен. Соны қалай болса солай көме салған. Оның бәрі мыжылып қалғаннан кейін су жүрмей қалған. Әйтпесе олардың насосы бар тартатын. Насос тарта алмайды. Су сорғыштың мәселесін ауыл әкімінен сұрадық. Ол істен шықпаған деп отыр. Бауыржан ҚАЛШЫНБЕТОВ, АСА АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: Ол естесвенно баратын жерде насос істеп тұр. - Бұл мәселені қалай шешуге болады? - Тех обслужвание жасап жатырмыз. Күнделікті шешіліп жатыр. Ауыл тұрғындарының айтуынша ауыл ішінде жайылып жатқан шайынды су құбыр арқылы Аса өзенінің арнасына қосылады екен. Арнамен ауылдың ара қашықтығы не бәрі үш жүз метр. Ал арнаның айналасында егістік алқаптары мен жайылымдық жерлер жатыр. Ал өздеріңіз көріп тұрғандай кәріз суы осы арнаға келіп бұрқылдап бұлақ секілді шығып жатыр. Ел алдында насос істейді деген әкім су сорғыштың қасына барғанда істемейді деп сөзінен тайқып кетті. Ал нәжіс пен зәр аралас шайынды суды мал ішетін алқаптар суаратын арнаға не үшін құйып жатқандарын былай түсіндірді. Бауыржан ҚАЛШЫНБЕТОВ, АСА АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: Алқапты суғаратын суға неге кәріз жүйесінің құбырын тастадыңыздар. Жоқ апарып тастаған жоқпыз. Тазалау қондырғымыз істеп тұр. Енді арасында, басқа мүмкіндік болмағандықтан... Өйткені су осылай қарай ағады. Су арнасына қарай кәріз жүйесінің құбырын тартқандарын түсіне алмай қайта сұрадық. Сөйтсек, бел ортада су тазартқыш қондырғысыр орнатылған екен. Алайда ол әлі күнге дейін іске қосылмаған. Енді әкімдік бұл мәселеге тек қаржы қол байлау болып отырғандарын айтады. Болысбек ОРАЗОВ, АСА СУ МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Түбегейлі шешу үшін құзырлы орган, әкімшікпен, бөлім басшыларымен ақылдасып алдағы сессеияда ақша қойылады. Гос закуп, конкурс ойнатылады. Сол кезде түбегейлі шешіледі. Қаржысы шешілгенше, тұрғындар сасық иіспен тыныстаудан басқа амалдары жоқ.