Осыдан бірнеше күн бұрын 38 жастағы актриса Әсел Сәдуақасова өзінен 7 жас кіші сүйіктісіне тұрмысқа шыққан болатын. Өнер иесінің мәһрге не сұрағанын жұбайы Мағжан Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.Әсел Сәдуақасованың жұбайынан алған сұхбатын Бейбіт Әлібеков Instagram парақшасында бөлісті."Бүгін үйленген күніміз. Сондықтан әзірге түсініксіз сезімдемін. Бірақ ұнап жатыр. Неке жүзігімді тағып жүрмін. Әрине, тағып жүремін. Мәһрге 2023 жылғы су жаңа Gelandewagen көлігін сұрады", - деді актрисаның жұбайы Мағжан.Айта кетейік, биылғы жылдың наурыз айында Әсел Сәдуақасованың өзінен 7 жас кіші жігітпен көңіл жарастырғаны белгілі болды. Кейінірек актрисаның өзі бұл ақпаратты растап, сүйіктісін көпшілікке таныстырды. Ал бірнеше күн бұрын Әсел Сәдуақасова жігітімен заңды некесін қидырды.