"Асфальтты түнде төсеу керек, сонда қалада кептеліс азаяды",- қоғам белсендісі

Сүндет ОРАЛБЕКОВ, ТІЛШІ: Көлік кептелісі күрделі мәселеге айналды. Әсіресе, жол жөндеу кезінде үдей төседі. Көшелер жабылады. Көлік қозғалысы қиындайды. Мәселен, мына жолды жөндеу 3 апта бұрын басталған. Жоспар бойынша енді 10 күннен кейін аяқталу керек. Иә, кептеліс көптің жүйкесін жұқартты. Мердігерлер дайын болған жолды бірден пайдалануға бермейді. Халық осыған наразы. Жауаптылардың айтуынша қазір асфальт жаңа технология бойынша төселеді. Асфальтталған жол кемінде 2 тәулік тұру керек. Сонда ғана 4-5 жыл тақтайдай тегіс қалпын сақтайды. Мәди МЫРЗАХАНОВ, САРАПШЫ: Асфальт КЗ және Щебеночный асфальтно-бетон полимерлермен қосып жатырмыз. Перфлэкс деген қатырғыштар бар жақсы, жаңа технологияға соларды қосып жатырмыз. Перфлэкс, Титан деген қоспаларды қосып жатырмыз. Жаздың күні жол жөндеу оңай емес. Әсіресе, оңтүстік аймақтарда жол салатын жұмысшыларға қиын. Күннің ыстығында істері өнбейді. Қоғам белсенділері шетелдік тәжірибені енгізіп, асфальтты түнде төсеу керек деп бастама көтерді. Сонда кептеліс азаяды дейді. Әлібек БАЙШҮЛЕНОВ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: Контрактыларын солай жазылып кеткен ба, азанғы 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істеймін деген. Біз білмейміз ғой. Ойлана келсең бәрін өзгертуге болады. Биыл жыл соңына дейін елімізде мың шақырымнан астам республикалық маңызы бар жол жөнделмек. Оның 600 километрден астам учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Ұлттық сапа орталығы биыл төселген асфальттан 17 мыңнан астам сынама алған. Сараптама нәтижесінде 5600-ге жуығы талапқа сай келмеді. Сапасы сын көтермейтін жолды мердігер өз қаржысына қайта салуы тиіс. Шалқар ҚАСЫМХАНОВ, ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ, САПА ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫ: Ағымдағы жылдың өзінде 1 миллиардтан астам теңге соммасында сапасыз салынған жолдар мердігерлер есебінен қайта жасалды. Ал, 2019 жылдан бері 9 миллардтан астам соммаға сапасыз салынған жолдар жасақталынды Сала мамандары жол жөндеу жұмыстары түнде жүргізуге болады дейді. Бірақ тұрғындардың тыныштығын алмас үшін мұндай қадамға бару жоспарда жоқтығын айтты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жылан жылы: 2025 жыл қандай болады?
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пунктері жұмыс істемейді
«Санасыздар»: Ырысбала Икрамбай халықтың ақшасына алынған үйді сатпақ болған оқырманына ашуланды (ВИДЕО)
Түркістанда ботаникалық бағы бар "Жастар" саябағы пайдалануға берілді
Тұман, жел, көктайғақ: 13 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
“Жындарға сенемін“. Ақан Сатаевтың адам сенгісіз жайтқа тап болғаны рас па?
Ол кісіге ғашық та болмағанмын: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі туралы шындықты айтты
Жылан жылы: 2025 жыл қандай болады?
Жұмысқа кешігуге кептеліс кедергі болса...
Атырау ауруханасында 10 айлық сәби көз жұмды
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
«Санасыздар»: Ырысбала Икрамбай халықтың ақшасына алынған үйді сатпақ болған оқырманына ашуланды (ВИДЕО)
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай өтетін іс-шаралар белгілі болды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасында өткізу пункттері жабылады
Абай облысында прокурорлар ақша далаға шашылғанын анықтады
Алматы Орталық стадионының басқарушысы қызметінен босатылды
Қазақстанда қатты пайдалы қазбалар бойынша қанша кен орны бар?
Мәжіліс төрағасы Ресей Федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрайымымен кездесті
Полициядан қашқан көлік жүргізушісі ұсталды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пунктері жұмыс істемейді
Ақмола облысында вейп саудасы әшкере болды
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Мейіржан Төребаевтың жары күйеуінің қазіргі жағдайы туралы айтты