Асхат Аймағамбетов Астанадағы университетте оқытушы болмақ

Бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елордадағы беделді ЖОО-ның бірінде ұстаздық етуді жоспарлауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қазір уақытымды балаларыммен өткізіп жатырмын. Олардың тәрбиесіне мән беріп, балабақша, мектепке алып барып, әкелумен айналысып жүрмін. Жуырда Астана қаласындағы ірі әрі сапалы білім беретін университеттердің бірі ұсыныс білдірді. Біраз тәжірибеңіз бар, студенттермен бөліссеңіз деді. Өзім педагог, оқытушы болғаннан кейін маған ол жақын. Қарапайым оқытушы болып, студенттермен жұмыс істеу деген ұсынысты қабылдадым. Қазір құжаттармен яғни оқу бағдарламасымен айналысып жатырмын», - деді Асхат Аймағамбетов тілші Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында. Экс-министрдің айтуынша, оқытушы болудан басқа да ұсыныстар түскен. «Жеке сектор бойынша да, басқа да түрлі ұсыныстар бар. Ұсыныстар бойынша соңғы шешімді жақында қоғамға жеткіземіз. Ағартушылықпен айналысу, балаларға тәрбие, білім беру, жинаған тәжірибемен бөлісуді қайда жүрсең де оны бірге алып жүруге болады. Өзім өскелең ұрпақпен тәжірибеммен бөлісуді жөн көріп отырмын», - дейді ол. Сұхбат алушының «Демек, бұрынғы оқу-ағарту министрі университетте ұстаз болып жұмыс істеуге дайындалып жатыр ма?» деген нақтылау сауалына А. Аймағамбетов «Иә» деп қысқа қайырды. «Бұдан да басқа жоспарлар бар. Дегенмен әзірге осындай шешім. Кезінде біраз жыл ұстаз болып еңбек еткендіктен мен үшін оқытушы болу қызық. Әрқашанда жүрегіме жылы әрі жақын», - дейді білім министрлігінің бұрынғы басшысы. Еске салайық, биыл 4 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылған еді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ресей Солтүстік Кореяға мұнай беріп, қару-жарақ пен сарбаздар алып отыр
«Тобылдың» легионері: Қазақстандағы бірінші маусымдағы ойынымнан үлкен ләззат алдым
Жан жылуы – «Жан шуақ»
Орбан Нетаньяхуды қауіпсіздік кепілдігімен Венгрияға шақыруды жоспарлап отыр
Алматыда креативті индустрия өкілдерімен кездесу өтті
Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды
Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды
«Сібір жарасын жұқтырды»: Атырауда қасапшы ауруханаға түсті
Конор Макгрегор зорлау ісі бойынша кінәлі болып шықты
СҚО бойынша ҰҚҚК департаменті бастығының экс-орынбасары күдікке ілікті
Қаржы министрлігі: Мемлекеттік сатып алу туралы ашық диалог
«Бауырына салу» фильмі тағы бір халықаралық марапатқа ие болды
Алматы облысында тауда адасқан жасөспірім құтқарылды
Мұғалімдер сынып жетекшісі болғаны үшін қанша теңге алады?
Ресей Солтүстік Кореяға мұнай беріп, қару-жарақ пен сарбаздар алып отыр
Сайран жағалауындағы жаңа қоғамдық кеңістік 2025 жылы ашылады
Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Соқпақпаев мұрасы – оқырманға олжа
Іле Алатауы тауларынан жасөспірім құтқарылды
Жемқорларды ұстауға көмектескендер қалай қорғалады?
Бидайдың құны кебекпен тең
Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Емнің де сұрауы бар