Асхат Аймағамбетов: Әйел-баласын сабайтындар үйде жатады, зәбір көргендер далада қашып жүреді

 Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха отбасына тұрмыстық зомбылық жасаушыларды үйден уақытша қуатын норманың кемшілігін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 54-бабы бар. Бірақ ол бапта соттың тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды басқа баспанасы болған жағдайда ғана зардап шегуші тұрып жатқан үйден уақытша қуа алатыны айтылған. Мұндай қосымша аталған баптың күшін толықтай дәрменсіз етіп тұр. Әуел баста осы норманы енгізер кезде тұрмыстық зомбылық көрсетушінің әрекетінен зардап шегушінің денсаулығына ауыр жарақат түссе, күш көрсетушісі тәртібін түземесе, сот шешімі шыққанша үйден қуыла тұруы керек деп қосқанбыз. Қазіргі таңда жоғарыда айтқан түзетуге байланысты үйден уақытша қуу бабын бірнеше адамға ғана қолдана алдық», - деді Игорь Лепеха Мәжілісте өткен тақылауда. Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов бұл норманың пәрменін күшейту үшін ғылыми негіздемесін пысықтау қажеттігін айтты. «Жалпы қазіргі жағдай осылай. Күш көрсетуші үйде қалып, зардап шеккендер үйден қуылады. Зомбылықтан қашып жас баласымен үйден кетуге мәжбүр. Сонда әйел-баласын сабайтындар үйде жатады, зәбір көргендер неге босып жүруі керек? Сондықтан норманы қайта қараудың мәні бар шығар. Бұл жерде айтқан ұсыныстарыңыздың бәрі ғылыми негізделген болуы керек. Өйткені әр норманы қолдану тәжірибесі әркелкі», - деді Асхат Аймағамбетов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандық теннисшілердің Аустралия ашық чемпионатындағы қарсыластары анықталды
Нариман Құрбанов әскерилерге шеберлік сағатын өткізді
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесті
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесті
Елімізде көлік-логистикалық кешен саласында 25 жаңа мамандық пайда болады
10 қаңтарда тұман түсіп, көктайғақ болады: бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Темір жол машина жасау саласындағы кәсіпорындар өндірістегі оқшаулау үлесін арттыру жоспарларын талқылады
Алматы зообағында ширек ғасыр өмір сүрген Хан есімді керік өлді
Шегірткеге қарсы егістіктерді өңдеуге арналған техниканың саны 2 есеге артты
Төтенше жағдай бойынша үздік аумақтық өртті бақылау бөлімшесі анықталды
Қазақстанда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін
“Болашақ“ орталығы Калифорнияда оқып жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады
Алматыда жол ережесін өрескел бұзушы қамауға алынды
Тапаншамен қауіп төндірген: Оралда полиция мас жүргізушіні ұстады
Шавкат Рахмоновтың бапкері келесі жекпе-жектің уақытын атады
Декларация тапсыру кезегі кімдерге келді?
Депутаттар әскерилерге заңнамалық жаңашылдықтар туралы айтты
еGov көрсететін қызмет саны артты
"Қазгидромет"ертең 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Бельгия премьер-министріне уланған хат жіберілген
Астана маңындағы ауылда жаңа жайлы мектеп ашылды
«Жын шығарушы емшінің» ісіне қатысты Балаларды қорғау комитеті мәлімдеме жасады
Мәжіліс депутаттары Жетісудағы кірпіш-керамзит зауыты қызметкерлерімен кездесті
Қазақстан құрамасы фристайл-могулдан әлем чемпионатын үш медальмен аяқтады