«Аштан өлмесін деп түкірігімді бердім»: Зілзаладан аман қалған жігіт ерекше оқиғасымен бөлісті

Түркиядағы жойқын зілзаладан кейін 202 сағат өткен соң үйінді астынан 32 жастағы Муһаррем Полат есімді ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Bugin.kz Haber Lutfen YouTube арнасына сілтеме жасап.Дереу жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген зардап шегуші жер сілкінісі кезінде басынан өткен жағдайларымен бөлісті. Телефонның оятқышын таңғы сағат 8.45-ке қойып жатқаным есімде. Телефоным төсектің астында қалыпты. Қуаты да өшкен. Құшағымызда Мұхаммед Алпарслан атты алты айлық сәбиіміз бар. Басқа балаларымыз сол жерде жан тапсырды. Неше күн бойы нәр татпадық, тек бір вазелин тауып алып, талғажау етпек болып аузымызға салдық. Бірақ оны да жей алмадық, түкіріп тастадық. Мұхаммед Алпарсланға өзімнің түкірігімді бердім. Бесінші күні жұбайымнан сүт шықпады. Мұхаммед Алпарслан бесінші күні шыдамады, таңертең сағат алтыда қайтыс болды, – деп бөлісті аман қалған азамат. Қираған үйдің астынан жұбайы екеуінің аман-есен шығуын Муһаррем жасаған дұғаның көмегі екеніне сенімді. Алғашында автотұрақтар жабық еді. Екінші жер сілкінісі кезінде ол жер ашылыпты. Мұны мен жетінші күні ғана байқадым. Тыныс ала алатын жер сол автотұрақ қана еді. Аллаға шүкір, қолымда сағатым бар еді. Жетінші күні таңғы төрттің кезінде кірпіштің ылғалды екенін байқадым. Жұбайым Хидаетке көрсетсем, ол сенбеді. Жақсылап қаздым, су шықты. Қар суы екен, бірақ бізде қар жаумаған еді. Алла бізге мейірімін көрсетті. Су шыққан жерді орындықпен кеңейттім. Шығатын жер бар екен. Ол жерді де кеңейтіп, шығатын жолды ашып, аман-есен жер бетіне шықтық. Ауруханадан шыққан соң, жұбайым екеуміз Алланың жолында қызмет етеміз. Бәлкім, жұмыс істемейтін де шығармын. 32 жасқа келіп, Құран Кәрімді үйренбегеніме қатты ұяламын. Бүкіл Түркия естісін, Құран Кәрімді үйренбеу – үлкен айып. Бұл жақта тек дұғаның арқасында ғана аман қалдық, – дейді Муһаррем Полат.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«AMANAT» партиясы Қазақстан-Қытай қарым-қатынасын дамытуға мүдделі
ҚФФ-ның жаңа президенті жайлы: қасына жаңа команда жинайтыны түсінікті...
Су саласының 105 маманы Қытайда біліктілігін арттырады
Әлемде алғаш рет әйелдерден тұратын әуе рейсі орындалды
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы қатысатын әлем чемпионаты тікелей эфирде көрсетіледі
«Әлеуметтік әмиян» жобасы ыстық тамақ үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Әлеуметтік әмиян» жобасы оқушыларды тегін тамақтандыру үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Ауыл» партиясында кадрлық өзгерістер болды
Есірткіге қатысты жазалар өзгереді
Елімізде жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстары әзірленеді
Доллар 7 теңгеге арзандады
Қазіргі таңда еліміздің Қытай университтерімен жасаған 241 келісімі бар
Түркия командасында ойнайтын Абат Айымбетов үшінші ойын қатарынан мергендігімен көзге түсті
Қорғаныс министрі тағы бір қызметке тағайындалды
Танкист, парашютис, дзюдоист...
Алматылық балалар Президенттік шыршада жаңа жылдық сиқыр әлеміне енді
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Президентін туған күнімен құттықтады
Конькимен жүгіруден Азия ойындарына қатысатын спортшылар анықталды
Ел өңірлерінде көлік сақтандыру полисі қымбаттайды
Алматы қалалық ландшафтты жаңартуда: қылқан жапырақты биік ағаштар отырғызылды
Екібастұзда ата-анасының ішімдік ішкенінен шаршаған бала әжесіне кетіп қалған
108 педагог «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының жүлдегері атанды
Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Алматылық сарапшы Жаңа жыл қарсаңында тамақтан уланудан қалай сақтануға болатынын айтты