Ерекше хобби иесі атыраулық Салтанат Өмірбайқызы 10 жылдан бері үйінде питон баптап келеді. Анаконда түріне жататын суық жыртқышты үйінде ұстауына кішкентай кезінде цирктегі қойылымдарға еліктеуі себеп болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.Салтанаттың бұл он жыл ішіндегі асыраған екінші сұр жыланы. Оның ұзындығы 3 метр, салмағы 30 келіге жуықтайды."Мен өзім кішкентай кезімнен бимен айналысып келемін. Мені үлкен сахналардан көргісі келген марқұм анам бар қалауымды жасауға тырысатын. Бір күні циркке барғанымызда үлкен жыландармен билеп жатқан қыздарды көріп мен де солар сияқты билесем деген қызығушылық пайда болды. Сөйтіп 2010 жылы Малайзияға арнайы барып, питон сатып алдым", - дейді Салтанат. Ол жатын бөлмеде жылан ұстауына отбасы да, жақындары да қарсы болмай, қолдау білдіргенін айтады. "Бұған дейін мен қолтырауын асырадым. Оны бірақ қайтадан сатып жібердім. Одан кейін бүркіт асырадым, нағашыларым арыстан асырады. Кішкентайымнан жыртқыштарға жақын болған соң маған анаконда баптау қорқыныш тудырмады", - дейді ол.Бұл - Салтанаттың екінші питоны. "Джаванна" есімді алғашқы жыланы 7 жылдай қолда өсіп, кейін ауырып өлген. Екінші жыланы "Графиняны" үш жыл бұрын Малайзиядағы бұрынғы сатушылар 1 млн теңгеге жеткізіп берген."Графиня" сатып алған кезінде 2 метр болған, үш жылда 1 метрге өсті. Негізі 2-4 метр аралығындағы жыландарға сұраныс көп болғандықтан, бағасы да қымбат тұрады екен. Мен бұл питонды 3 жыл бұрын миллионға сатып алдым", - дейді Салтанат. Салтанат питонның немен қоректенетінін де айтты. "Олар тамақ жеген сайын өсе береді. Сондықтан тамақты қарыны ашып қалмайтындай өлшеп беремін. Аптасына 2 қояннан жейді. Екі қоянды бірден жеп алса 4-5 күн қорытып жатады", - дейді ол.Салтанаттың айтуынша, тойып тамақ ішіп алған питонға жақындаса, ашуланып, мінезін көрсетуі мүмкін. Тіпті жылан бірнеше рет әкесінің қолынан тістеп, өзіне де шабуыл жасаған."Иә, жылан мені де тұншықтырған кездер болды. 2010 жылы мен "Джаваннамен" билегенде, ол мені тұншықтыра бастады. Мен есімнен танып, әрең босанып шықтым. Сөйтсе жылан шаршаған екен. Бұл жыланның құйрығы жерге салбырап тұрғаннан болды. Содан бері құйрықты үнемі биікте ұстаймын", - дейді ол.Айтуынша, питондар баптағанды, суға шомылдырғанды жақсы көреді. Салтанатты достары отбасылық мерекелеріне питонмен билеуге шақырады. Адамдар жай ғана Графинямен суретке түскенді ұнатады. Салтанат айтқандай, бұл жай ғана оның хоббиі, табыс көзі емес", - дейді Салтанат. Салтанатты достары отбасылық мерекелеріне питонмен билеуге шақырады. Адамдар жай ғана Графинямен суретке түскенді ұнатады екен.