«Ашынғаннан емес, жанымыздың ашығанынан айтамыз»,-депутат

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев «AMANAT» фракциясының бастамалары мен ұсынысын жеткізді.«Сыртқы саясаттағы санкциялардың күшеюі, әлемдегі инфляцияның тұрақтамауы біздің де экономикамызға кері әсерін тигізіп отыр. Иә, бюджетті пысықтау оңай болған жоқ. Екі ай бойы «AMANAT» фракциясы қарқынды, қызу жұмыс атқарды. Біздің Фракция бір триллионнан астам өгертулерді ұсынып, рекорд жасады. Бюджет бойынша 2,4 трлн теңгені мемлекеттік органдар арасында қайта қарастырды. Аймақтарға 1,5 триллион теңгеден астам қаржы қосымша үйлестірілді», - деді Бейсенбаев. Оның айтуынша, елді мекендерге аманаттық депутаттардың атынан 32 млрд, ауыз суға 10 млрд, «Ауыл - Ел бесігі» жобасына 46 миллиард теңге қарастырылды. «Бұл жобалардың әрқайсының артында Фракция депутаттарының тыңғылықты жұмысы тұр. Ең негізгісі 2024 жылдың өзіне «AMANAT» партиясының «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ» сайлауалды бағдарламасын орындауға бюджеттен 5,5 трлн теңге нақты қарастырылды. Аталған мәселелер, сіздердің біліктіліктеріңіз бен табандылықтарыңыздың көрсеткіші. Иә, біз сынаймыз. Өзгеру үшін, қоғамдағы түйткілді мәселелерді өзгерту үшін айтамыз. Ашынғаннан емес, жанымыздың ашығанынан айтамыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы 5 жылда жалпы ішкі өнімді екі есеге, яғни экономикамызды 450 млрд долларға жеткіземіз деген ауқымды мақсат қойғаны белгілі», - деді ол. Бейсенбаев атағандай, сондықтан ортақ мақсат жолында барлығымыз жұдырықтай жұмылып, бір кісідей атсалысуымыз керек. «Ол үшін бюджеттік процесс тоқтаусыз жұмыс жасауы тиіс. Тұтастай алғанда, ұсынылып отырған бюджет жобасы Мемлекет басшысы қойған міндеттерге сай келеді. Негізгі бағыттар қамтылған. Осыны ескере отырып, фракция атынан бірге нақтыланған бюджетті қолдаймыз. Және әріптестерді де қолдауға шақырамыз», - деді ол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қаржаубай Нұрымов пен оның қарындасы 15 тәулікке қамауға алынды
Ұлттық киім дизайнерлері сынға түсті
Оралда оқушы қызды сыныптастары аяусыз ұрып-соққан
Марқұм Шерзаттың жездесі де қамалды
Мереке күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
Қазақстан ауыр атлетика федерациясына жаңа басшы келді
Қазақстанда қанша қаржы компаниясы жұмыс істейді?
Тұрғын үйді несиеге алатын Қазақстан азаматтарының саны күрт артты
Музыка ғасыры Жанар Сүлеймановамен шексіз гармонияға саяхат
Елдос Сметов «Жылдың үздік дзюдошысы» марапатынан үміткер
Алматыда бейнебақылау арқылы қылмыс азайды
Мерзімді қызмет сарбаздары парашютпен алғаш рет секірді
Алматыда полиция студенттердің жатақханасын тексеріп жатыр
Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті
Алматыда полиция қарақшыларды ұстады
Бокстан Азия чемпионатында тағы бір алтынды Айбек Оралбай алды
Сағындық Тоғамбай бокстан Азия чемпионатында ел қоржынына үшінші алтынды салды
Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу аяқталуға жақын
Қала тұрғындары үшін жайлылық: Алматы қаласы Жетісу ауданының тұрғындары нені мақтан тұтады
Қазақстандық фильм спорттық фильмдер фестивалінде екі марапатқа ие болды
Қазақстандық мектептерде медиация қызметтері пайда болады
Ғылым мен мәдениеттің тоғысқан тұғыры
«Назарбаев» әлі де өз күнін өзі көре алмай жүр...
Алматыда 29 жасөспірім полицияға жеткізілді