Елімізде 30 мыңнан астам азамат Отан алдындағы борышын өтеуден қашып жүр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады. Құзырлылардың дерегінше, былтырдың өзінде әскерге барудан жалтарып, есепке алу құжаттарын қасақана бүлдірген немесе жоғалтқан 4 мыңға жуық адам әкімшілік жауапқа тартылған."Жергілікті әскери органның шақыртуы бойынша азамматтың келмеуі 5 АЕК айыппұл салынады. Ал әскерге шақырылушы әскерден бірнеше рет жалтаратын болса 1000 АЕК дейінгі айыппұл, не болмаса 400 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 1 жылға дейін бас бостадығынан айырылады",- Руслан Тапашев ҚР ҚК бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің аға офицері