Елімізде сарбаздар туралы жаңа сериал түсіріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы Тілеухан Басқожаев мәлімдеді. Сарбаздардың өліміне қатысты саяз пікір қалыптасқан. Жалпы, әскери қызметтің тартымдылығын, беделін арттыып, жас сарбаздарды әскерге шақыруға ынталандыру үшін ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр, - деп атап өтті әділет полковнигі Сенаттың кулуарында берген сұхбатында. Айтуынша, ондай шаралардың қатарында сериал мен бейнероликтер түсіруде де қамтылған. Бүгінгі таңда Алматыдағы құрлықтық әскери институты десант-шабуылдау факультетінде жас жауынгерлер туралы жаңа сериал түсіріліп жатыр. Жалпы 10 сериал болады деп жоспарланған. MG Production деген студия түсіреді. 2024 жылы «Хабар» телеарнасында әскери сериалға ақша бөлген. Сериалды өзіміз пысықтап жатырмыз. Болашақта әскери қызметшілердің беделін арттыруға осындай сериалдардың әсері болады деп сенеміз, - деді Тілеухан Басқожаев. Ал әскери сериалға бөлінген қаржыға қатысты ол: «Ақпаратты сериал түсіретін студиядан біле аласыздар» деп қысқа қайырды.