Әскери билеттер цифрлық форматқа ауыстырылды

Жұмысқа орналасу немесе оқу орнына қабылдау кезінде құжатты түпнұсқада ұсыну туралы талап алынып тасталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, енді жұмыс беруші азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы мәліметтерді egov.kz электрондық үкімет ресурсын пайдалана отырып, автоматты түрде алады. Заңнама бойынша заңды тұлғалар азаматтардың әскери қызметіне қатынасы туралы деректерді тіркеуге міндетті. Сондықтан кадр қызметтері бұрын әскери есепке алу құжаттарын (әскери билеттер, тіркеу туралы куәлік, әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама және т.б.) талап еткен. Қорғаныс министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп жұмыс берушінің сұрауына автоматты түрде жауап алуға мүмкіндік беретін интеграциялық жұмыстар жүргізді. Өткен жылдан бастап біз осы процестерді цифрландыру жөнінде жұмыс жүргіздік. Атап айтқанда, ақпараттық жүйені әзірлеп, оны іргелес мемлекеттік органдардың мәліметтер базасымен біріктірдік. Инновация кадрлық қызметтердің жұмысын жеңілдетіп, азаматтарды анықтама алу үшін уақыт жұмсаудан босатады. Егер бұрын бұл процестер бірнеше аптаға созылса, бүгінде бұл бір күнде жасалады, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев. Жеке ұйымдар «Е-Еңбек» ақпараттық жүйесінде, мемлекеттік мекемелерде «Е-Қызмет» ресурсын пайдалана отырып, қызметкерлердің есебін жүргізетін болады. Сонымен қоса әскери билет Қарулы күштер қатарында, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызмет өткергендерге ғана берілетінін атап өткен жөн.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тапты: 24 қараша 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Осылардың бәрі қадағалануы керек: Дулыға Ақмолда балабақшадағы келеңсіздік туралы айтты
Ақтөбеде әйелі мен балаларын ұрып-соққан азамат сотталды
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
«Астана» мен «Челси» арасындағы ойынның билеттері сатылымға шығады
Бүгін - әскери-ғылыми қызметкерлер мен педагогтар кәсіби мерекесі
Илон Маск қайтадан жер бетіндегі ең бай адам атанды
Әлем чемпионатында еліміздің әскер спортшылары үш алтын және төрт қола олжалады
Еліміздің сейсмологтары үш рет жер сілкінісін тіркеген
Жексенбіге жасалған күн райының болжамы
Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады
Алматыда адамдар аспалы жолда “қалып қойды“
24 қараша - әскери-ғылыми қызметкер және педагог күні
Каспий теңізінде итбалықтардың жаппай қырылуынан келген шығын көлемі 1,5 млрд теңге болған
Қазақстандық сейсмологтар бір тәулікте үш жер сілкінісін тіркеді
Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды тәнті қылды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Гран-при  турнирінде "күміс" алды
Ақтөбеде әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші көз жұмды
Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирде жеңіске жетті
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
«Жылқы еті – харам...»: Журналист Үкіметке үндеу жолдады
Осылардың бәрі қадағалануы керек: Дулыға Ақмолда балабақшадағы келеңсіздік туралы айтты
Apple 2024 жылдың басты әртісін атады
Қазақстан тарихына қатысты бірегей құжаттардың көрмесі өтті