«Әскери қызметкерлердің еңбекақысы мұғалімдер мен дәрігерлердікіндей болуы керек»,- М. Рожин

«Әскери қызметкерлердің еңбекақысы мұғалімдер мен дәрігерлердікіндей болуы керек». Мәжіліс депутаты Максим Рожин Алматы облысындағы әскери бөлімдердің мониторингі барысында осындай пікір білдірді. Халық қалаулысы әскерилендірілген объектінің жұмысымен танысып, оның материалдық-техникалық базасын тексерді. Алайда әскери қызметшілердің еңбекақы мәселесі мәжілісменді таң қалдырды. Бүгінде бөлім құрамының айлығы шамамен -120 мың теңге. «Бұл сомаға отбасын асырау мүмкін емес», - деді Рожин. Максим РОЖИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Төтенше жағдайлар саласында басты мәселелердің бірі - ол жауынгерлердің қауіпсіздігі. Олардың қолданатын мүлкі. Техникамен қамтамасыз ету мәселесін біз бүгін көрдік. Екінші мәселе – әрине, бұл азаматтардың айлығы. Бұлардың жұмысы өміріне қауіптілігімен белгілі. Сондықтан мен ойлаймын, біздің азаматтарға төлеп жатқан жалақымыз да сол қауіпке сай болу керек. Бұл мәселе қазір Парламент деңгейінде көтерілуде. Депутаттар оны «азаматтық қорғаныс туралы» заң жобасына енгізуге ниетті. Онда әскери қызметшілерді әлеуметтік - техникалық қамтамасыз ету туралы сұрақтар да ескерілетін болады. Мақұлданған жағдайда заң жобасы жыл ортасына қарай жұмысын бастайды. Айта кету керек, парламентшілер жұмыс сапарымен еліміздің барлық бұрышындағы түрлі нысандарға барады. Қанат БАҚТИЯРОВ, БӨЛІМ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Кездесу барысында Максим Николаевич айтып кеткендей, жұмыстар атқарылып жатыр. Сол мәселе көтеріліп жатыр. Жақын арада шешіледі деп ойлаймын. Кездесу барысында отырған әрбір әскери қызметші қуанады деп ойлаймын.

Читать источник astanatv.kz/kz/
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды
Ауыр атлет Артем Антропов әлем чемпионы атанды
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды
Күн аяздап, көктайғақ болады. Демалыс күндеріне ауа-райы болжам қандай?
Оққағарлар
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
Қазақстан спортшысы Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Көркемдік жетекші және оның жаңа жобасы
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Ұрысып жатқан екі ғашықты ажыратам деген қазақ спортшысы өзі таяқ жеп қалды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
Ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм: Ерке Есмахан отбасына қатысты бір құпияны ашты