Әскери қызметшілер өртке оранған пәтерден бес жасар баланы алып шықты

Қарағанды өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының әскери қызметшілері өртеніп жатқан тұрғын үйдің пәтерінен баланы құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.Сол күні таңертең сержант Жандос Айтқали, ефрейторлар Ізбасар Төлеутай мен Шыңғыс Ерқанат әдеттегідей қызметке шыққан болатын. Көрші үйдің жанынан өтіп бара жатқан жігіттер бірінші қабаттағы пәтердің терезесінен шыққан түтінді көреді. Оқиға орнында жүрген әйелдер құтқарушы азаматтар болмаған соң не істерін білмей дағдарып тұрған еді. Көшеде 6-7 жас шамасындағы киімі қара күйеленген баланы көрдік. Ол үрпиіп үйде інісі қалғанын айтты. Мен әріптестеріме сыртта күте тұрыңдар деп, өзім терезеден пәтерге кірдім. Ыстан көзім ашып, жасаурады. Ауа жұту үшін және суға малынған орамал мен фонарь алуға бірнеше рет терезеге келдім. Тек үшінші рет қана мен түпкіргі бөлмеде қолында мысығы бар қатты қорыққан баланы таптым, – деп оқиғаны еске алды Жандос. Сержант Айтқали баланы қолындағы үй жануарымен бірге пәтердің терезесінен сыртқа алып шықты. Көп ұзамай өрт сөндірушілер келіп, отты ауыздықтауға кірісті. Әскери қызметшілердің мұндай батыл әрекеті әлеуметтік желі арқылы белгілі болды. Оқиғаны көргендер жігіттерге баланы құтқарғаны үшін алғыс айтты. Өтіп бара жатқан әскерилер бей-жай қалмады, олардың бірі ойланбастан үйге кіріп, өрт сөндірушілер келгенге дейін баланы алып шықты. Өрт сөндіріп жатқанда, әскерилер кетіп қалды. Біз олардың осындай батыл қадамы назардан тыс қалмағанын қалаймыз, – деп жазды желі қолданушылары.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
Алматыны қалың қар басты
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Талғар қаласының жаңа әкімі сайланды
Қазақстан әлемдегі үздік ондыққа кірді
Желтоқсан – Тәуелсіздігіміздің ұлы рухы
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай гүл қою рәсімі өтті
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды құндылық
Тәуелсіздік күні – әрбір қазақстандық үшін ерекше дата
Тәуелсіздік – бейбітшілік пен бірліктің бастауы!
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Әлімжан Хамраев, ҚХА мүшесі: Тәуелсіздіктің мән-маңызы жоғары
Бибігүл Төлегенова елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық
Солтүстік Қазақстан тұрғыны мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен