«Астана» телеарнасы «По синим волнам» телехикаясының түсіріп жатыр. Бұл еліміздегі алғаш шығатын әскери-теңіз күштеріне арналған отандық туынды болмақ. Сериал Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің тапсырымымен әзірленуде. Алматы және Ақтау қалаларында түсірілуде. “По синим волнам” - түрлі жанрлар тоғысқан телехикая. Төрт жігіттің оқиғасына негізделген. Олардың тұрмыстық жағдайы, өмірге деген көзқарастары да бөлек. Оларды теңіз академиясы тоғыстырады. Жігіттер Томирис есімді қызбен жолығады. Айдана САХАРИ, АКТРИСА: Табиғат бойынша қыз баласы қашанда ұйымшылдыққа жақын, ерте кішкене есейген болады. Сондай рөл маған бұйырыпты, бұл жерде де соның барлығын қатарласа алып жүретін персонаж, өзіне сенімді қыз, жұмысына, достарына адал. Көптен күткен рөл сияқты өзіме, себебі бұл теңізшілер жайлы жоба, бұл жерде суда да түсіреміз, Ақтаудың ең әдемі, керемет жерлерінде түсіреміз деген үміттемін. Махаббат. Достық. Бәсекелестік. Отбасы. Бұл туындыдан барлық жастағы көрермендер тәлім ала алады. Еліміздегі танымал өнер майталмандары ойнайды. Оларды жаңа қырыннан көресіздер. Марат АМИРАЕВ, АКТЕР: Бұл жобаның сценарийі 3 жыл бұрын жазылған. 3 жыл бойы сүргіден өтті, өзгерді, жаңа дүниелер қосылды. Бұл Қазақстанның теңізшілері жайында еліміздегі алғашқы туынды. Бұл жерде әрбір көрерменнің өзіне түртіп алары бар. Мелодрамасы да бар, әскери оқиғалар да қамтылған, экшн-әрекеттерін де көре аласыздар. Көрерменнің назарына алғаш рет теңіз академиясында оқудың ерекшеліктері көрсетіледі. Сюжеттік желі бойынша кейіпкерлерге құрлықтағы жаттығулармен қатар, Каспий теңізінде жүзуге тура келеді. “Әр кейіпкерден көрермен өзін таба алады, бұл туындыдан үйренеріміз мол” - дейді басты рөлді сомдаушы актер. Жасұлан КӨПБЕРГЕН, АКТЕР: Бұл менің карьерамдағы бірінші военный проект. Сол үшін өте қатты дайындалуға тырыстым, өйткені оның жүгі ауыр. Сериал өте көп адамға ойлар береді. Ол жерде достық туралы да бар. Ата-анаға қарым-қатынас, арманға деген құлшыныс, өз-өзіңе сену. Өте көп негізі, өйткені әр персонаждың өзінің бір түпкі мақсаты бар. Өзінің линиясы бар, өзінің барар жері, барар жолдығы қиындықтардан өтеді, сонысымен қызық. Әскери теңіз күштері жайлы алғашқы телехикая 15 сериядан тұрады. Жақында “Астана” телеарнасында тұсауы кесіледі.