Әскери ұшқыштар су тасқыны аймақтарына 300- ден астам рет ұшқан.ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулиннің айтуынша, 27 - наурыз бен 6 - сәуір аралығында ҚР ҚК жеке құрамы 2 мыңнан астам адам, 105 бірлік әскери техника, 15 тікұшақ, сондай-ақ 4 ұшақ жұмылдырылған. ҚР ҚК жеке құрамымен 2 мыңнан астам адам эвакуацияланды, оның ішінде 625 бала бар. Тікұшақтар 296 рет және ұшақтар 7 рет ұшты. Сондай-ақ 79 мың келі гуманитарлық жүк тасымалданды. Қостанай, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы, сондай-ақ Абай облысындағы су басу аймақтарынан адамдарды эвакуациялау жүзеге асырылды. Президенттің тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта Ақтөбе облысының Ойыл ауданына әскери инженерлер келді. Қазіргі уақытта олар 150 адамды эвакуациялады, - деді спикер ОКҚ алаңында орналасқан республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.