Қарулы күштер әскери бөлімінің жеке құрамы Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарына су тасқынына қарсы іс-шараларға көмек көрсетуде. Қаптарға құм толтырып, бөгеттер салып жатыр. 27 наурыз бен 10 сәуір аралығында су тасқынына қарсы іс-шараларға 3208 әскери қызметші, 166 автомобиль техникасы, 17 тікұшақ және 4 әскери-көлік ұшағы жұмылдырылды. Су басқан аумақтан 2 359 тұрғын эвакуацияланды, 505 адам және 115 000 келіден астам гуманитарлық жүк тасымалданды, шамамен 246 500 қапшыққа құм толтырылып, төселді.