Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жаңа «Ассамблея ТВ» телеарнасының таныстырылымы өтті. Жаңа телеарна ашудағы мақсат - Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін қалыптастыру, насихаттау. Телеарна 24 сағат бойы көрермендерге хабар таратады.Саида ҮКІБАЕВА, «АССАМБЛЕЯ ТВ» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ БАС ПРОДЮСЕРІ: Өткен жылғы қазан айынан бастап, «Ассамблея телеарнасы» ресми түрде өз жұмысын бастаған болатын. Осы уақытқа дейін бірталай танымдық-мәдени ағартушылық бағдарламаларды контенттерді қазақстандық көрермендердің назарына ұсынып келеді. Қазіргі мәселе біздің осы бағдарламаларды қазақ тілінде жүргізу бірінші орында тұр. Соған байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ә. Дүкембаева