Астана агломерациясында 2 қалашық құрылады

Астана агломерациясында 2 қалашық құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.«Министрлік Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдіктерімен бірлесіп, Астана агломерациясын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын әзірледі. Қазіргі уақытта Астана агломерациясы аумағына Астана қаласы және облыс халқының 40 пайыздан астамы тұратын Ақмола облысының Қосшы қаласын қоса алғанда Аршалы, Целиноград, Шортанды аудандарының 46 елді мекені кіреді. Соңғы 10 жылда Астана қаласының халқы 46 пайызға өсті. Ал болжамды деректер бойынша 2035 жылға қарай 2,3 млн адамды құрайды. Агломерация елді мекендерінен Астанаға күнделікті маятниктік көші-қон 200 мыңнан астам адамды және 30 мың автокөлікті құрайды», - деді министр. Оның атап өтуінше, осыған байланысты елорда инфрақұрылымының барлық түрлеріне жүктеменің ұлғаюына, қаланың шет аймақтарының кеңеюіне, ыңғайлы көлік жүйесінің болмауына және әлеуметтік нысандар тапшылығына алып келетін бірқатар проблема бар. «Жоғарыда айтылған мәселелерді шешу үшін әзірленген кешенді жоспарда жүйелі шаралар көзделген. Жалпы, қала құрылысын дамытуға, әлеуметтік және инженерлік-көлік инфрақұрылымын жаңартуға, сондай-ақ экологиялық тұрақтылықты, қоғамдық қауіпсіздікті және төтенше жағдайлардың алдын алуды қамтамасыз етуге бағытталған жалпы сомасы 1,13 трлн теңгеге 329 іс-шараны іске асыру көзделген. Агломерацияны аумақтық дамыту мақсатында елорда мен Ақмола облысының даму жоспарларын үндестіруге мүмкіндік беретін бірыңғай қала құрылысы саясатын әзірлеу жоспарланған. Сонымен қатар осы бағытта агломерация құрамындағы елді мекендердің әкімшілік шекараларын белгілеу жоспарлануда. Бұл өз кезегінде қала маңы аймағындағы жер қатынастарын дамытуға оң әсер етеді. Жалпы ауданы 940 гектардан асатын 2 қалашық құру көзделіп отыр. Олардың аумағында шағын бизнес жүргізуге арналған үй-жайлары бар тұрғын үйлер салынатын болады», - деді Нұрлан Байбазаров.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Елордада қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі
Жазушы Мұхтар Мағауиннің жаназасы мен жерлеу рәсімі АҚШ-та өтеді
Энергиялық тиімділік саласындағы ынтымақтастық: Қазақстандағы Dena өкілдерімен кездесу өтті
"37 пайызға дейін су үнемдеу": Министрлік мажарлық препарат сынағын жариялады
Қазақстан құрамасы саблямен семсерлесуден Тунисте өтетін Гран-при кезеңіне қатысады
Батыс Қазақстан облысында бірнеше жол жабылды
БҚО-да құтқарушылар іздестіру-құтқару операциясын сәтті өткізді
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Мұрат Нұртілеу Мажарстан сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
Алаяқ Ақтау тұрғындарын 90 млн теңге шығынға батырды
Жамбыл облысында тұрақты діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Сәтбаев қаласына аспаннан қар емес, күйе жауды
19-қабаттан құлаған жігіт аман қалды