Астана әкімдігі елорда күніне орай журналистер арасында байқау жариялады

Елорда күніне орай авторлар арасында үздік жарияланымдар, репортаждар, БАҚ және әлеуметтік желілердегі Астананың дамуы туралы сюжеттер байқауы басталады. Астана әкімдігінің хабарлауынша, байқауға қатысуға барлық қазақстандық журналист шақырылады. Байқауды Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен қалалық Коммуникациялар қызметі ұйымдастырады. Астана туралы 2022 жылдың 1 маусымынан 2023 жылдың 16 маусымына дейінгі кезеңде жарияланған/эфирге шыққан мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі материалдар қабылданады. Бір қатысушы конкурсқа 1 материалдан артық емес және тек бір номинация бойынша ұсына алады. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі: 1) «Үздік журналист-сарапшы» – елорда туралы баспа басылымдарында жарық көрген сараптамалық материалдар; 2) «Үздік шолушы» – Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы интернет-басылымдардағы материалдар; 3) «Үздік радиорепортаж» – Астанаға арналған радиосюжеттер;4) «Үздік телесюжет» – қала өмірі туралы телесюжеттер; 5) «Үздік мобилограф» – мегаполис өмірі туралы бейнероликтер; 6) «Үздік фоторепортаж» – Астана туралы фотосуреттер; 7) «Әлеуметтік желідегі Астананың 25 жылдығы туралы үздік материал» арнайы номинациясы – әлеуметтік желідегі үздік материалдарды анықтауға бағытталған. Әлеуметтік желілердегі (Facebook, Instagram және TikTok) танымал топтар мен пабликтер қатысуға өтініш бере алады. Номинациялар бойынша жеңімпаздарды белгілі журналистерден, медиа-сарапшылардан және елордадағы осы саланың құрметті өкілдерінен құралған конкурстық комиссия айқындайтын болады. Ең үздік жұмыс ақшалай сертификаттармен ынталандырылады. Бірінші орын үшін 1 миллион теңге, екінші орын үшін – 500 мың теңге, үшінші орын үшін – 300 мың теңге. Өтінімдер 2023 жылдың 16 маусымына дейін мына электрондық пошта арқылы қабылданады: sluzhbakommunikatsiy@mail.ru. Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефоны: 8 (702) 407-52-82. Байқаудың ережесін әкімдік сайтынан көруге болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды