Елордада жастарды жұмыспен қамту мақсатында бірнеше жоба іске асып жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.«Бүгінде жастарға қызмет көрсету орталықтары және «Баршаға мүмкіндік» модульдік пункттері жұмыс істеп тұр. Ол пункттер адам көп шоғырланған жерлерде орналасқан. Мысалы, Встреча, Еуразия аудандары. Бұл пунктерде елорда тұрғындары жұмыс және цифрлық дағдыларды игеру бойынша тегін кеңес, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат ала алады. Сол жерде «Freelance мүмкіндік» жобасына жазылуға болады, - деді Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, аталған жоба арқылы жастарды сұранысқа ие цифрлық дағдыларға үйретеді. «Ол таргетолог, SMM, видеограф, маркетплейс, мобилограф, графикалық дизайнер және веб-дизайнер», - дейді ол. Басқарма басшысының мәлімдеуінше, жастар арасында мемлекеттік бағдарламаларды, соның ішінде жұмыспен қамту жобалары ақпараттандыру мақсатында ақпараттық буклеттер таратылуда. «Өз саласында 6 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар, сонымен қатар Kaspi.kz, BI Group, Atameken, KazDream және тағы басқа жетекші компаниялармен жұмыс істеген, тәжірибелері бар курс оқытушыларымен келісім-шарт жасалды», - дейді ол.