Астана-Алматы тас жолында Road-эстафета жалғасуда

Астана-Алматы автомагистралінің бойын қоқыстан тазарту Road-эстафетасы жалғасуда. Еріктілер мен белсенділер Қарағанды-Балқаш арасындағы 400 киллометр жол бойын артық заттардан тазалады. Оған қоса “Спасск” мемориалды-кешенінің аумағына тазалық жұмыстарын жүргізіп, тарихи орындағы вандализм іздерін кетірді. Құралай БАЙМОЛДИНА, ВОЛОНТЕР:Осы Қарағанды волонтерлары болып біз осы акцияға өзіміздің барлық күш-жігерімізді қосып, көмектесіп жатырмыз. Себебі тазалық өзімізге ғана емес, осы барлық жастардың қолында деп ойлаймын. Ақерке ЕСКЕНДІРОВА, “АMANAT” ПАРТИЯСЫ “ЖАСТАР РУХЫ” ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:Бүгін “Таза Қазақстан” Road-эстафетасының екінші күні. Біз Қарағанды облысындамыз. Осы жерде бірнеше ескерткіштер бар екен біздің жолымызда. Сондықтан да осы жаққа келіп біз тазалау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Және де жалпы қоғамға “вандализммен бірге күресейік” деген үндеуді тастап жатырмыз. Сондай-ақ Шет ауданына қарасты Ақсу-Аюлы ауылында қоғамдық қабылдау өтті. Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы тұрғындармен кездесіп, олардың өзекті мәселелерін тыңдады. Одан бөлек акция аясында Қарағанды қаласының орталық саябағында кеш өтті. Шарада қоқыс-қалдықтарды арнайы пункттерге әкелгендерге сыйлықтар берілді. Жиналған қоқыстар қайта өңдеу зауыттарына жеткізіледі. Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:Бүгінгі осы басталған біздің эстафета жалпы Қарағанды облысында 700 шақырымға созылады деп отырмыз. Осакаровка ауданынан басталып, біз енді Приозерск қаласы, яғни Қарағанды қаласының түгел шегарасы, Жамбыл облысына тапсыратын боламыз. Жарқынбек АМАНТАЙҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, “АMANAT” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҰШЕСІ:Шет ауданында бірқатар учаскелерді жастар белсенді жұмыс жасады. Тазарту жұмыстарын жол бойын жүргізді. Осы өңірге келіп жатқан акцияның аясында, эстафетаның аясында жергілікті қауымдастықпен мәжіліс депутаты ретінде кездесу өткіздік. Жергілікті ақсақалдар, ардагерлер келіп өңірдің бірқатар мәселелерін көтерді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Қазақты өлтіретін той»: Коуч халықтың тойшылдығын «тупизм» деп атады (ВИДЕО)
Жаңаөзендегі ереуіл: жаңа мәлімет берілді: 22 қараша 2024, 12:49 - жаңалықтар Tengrinews.kz
«Тексеріңіз!»: ІІМ қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады
Елімізде 170 мыңнан астам адам өзін-өзі құмар ойындардан шектеген
Мемлекет жер қойнауын пайдалану құқығына арналған аукциондардың ашықтығын қамтамасыз етеді
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
Алматының Сайран жағалауындағы жаңа қоғамдық кеңістік 2025 жылы ашылады
Еліміздің валюталық және алтын-валюта резервінің көлемі 100 млрд доллардан асты
Қазақстанда жерді адал пайдаланушыларды анықтау үшін құқықтық негіз жасалады
Алматы мектептері “Көкөніс айын” өткізуде
Түркия түлектері Алматыда бас қосты
Елімізде лицензиясыз қызмет еткен 58 мектеп анықталды
Алматыда пәтерді жалға берушілер жауапқа тартылды
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Хорватияға алғашқы ресми сапармен келді
Қазақстан туберкулезді жою ісінде ДДҰ-ның үздік практикалар орталығы болуға дайын
Қазақстан полицейлері шағын футболдан Нидерландыда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті
Алматыда құрылыс нысанына айыппұл салынды
Алматыда жаңа деңгейдегі қауіпсіздік жүйесі іске қосылды
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары өмірден өтті
Алматыда түнгі қарақшылар ұсталды
"Қазақстанда кәсіби футбол клубын ашқым келеді" – Седет Чичек
Сенат төрағасы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының отырысына қатысты
eGov қосымшасында уақытты өзгерту туралы сауалнама пайда болды
Абай облысында мектеп қазандығы жарылып, жұмысшы зардап шекті