Астана аспанын қарағандылық әскери ұшқыштар қорғайды

Астананың әуе кеңістігі қарағандылық әскери ұшқыштардың жіті бақылауында. Қазақстан Республикасы әскери әуе күштерінің Қарағандыдағы авиациялық базасы елордамен қоса бүкіл Орталық Қазақстанды жаудан қорғайды. Әуе күші ең жылдам жаңа жойғыш ұшақтармен жабдықталған.Айдос Өмірзақ - әскери ұшқыш. Ақтөбедегі әскери институттың түлегі. Математика, физика мен аспан әлемі, әскерге қатысты техниканы меңгеру, зерттеу оның сүйікті ісі. Айдос жойғыш ұшаққа әдбен жаттыққан. Қазіргі міндеті ұшу аймағы мен координаттарын еш қатесіз белгілеп командирге жеткізу, қажет жағдайда ұшақты өзі басқарады. Әуе кеңістігінде қырағылық, қорғаныс пен әскери ұшақтың техникалық жағдайы да маңызды. Айдос ӨМІРЗАҚ, ҚР ӘӘК КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ Н.ӘБДІРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ АВИАЦИЯЛЫҚ БАЗАСЫНЫҢ ӘСКЕРИ ҰШҚЫШЫ: Мынау бірінші самолетты тексерер алдында пвд-ны қарап шығамыз. Еш жерінде майысқан сынған жері болмау керек. Алмат ҚАЙРОЛДАНОВ, ҚР ӘӘК КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ Н.ӘБДІРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ АВИАЦИЯЛЫҚ БАЗАСЫНЫҢ АҒА АВИАЦИЯЛЫҚ ТЕХНИГІ: Мен бұл самолеттың авациялық технигімін. Бұл самолеттың дұрыс жағдайына, бүкіл жаюдықталған аппараттаорына жауап беремін. Ұшқыш экипаждарының қауіпсіздігіне тікелей жауап береміз. Астананың әуе кеңістігін осы әскери ұшқыштар қорғайды. Қарағандыдағы авиациялық база елордамен қоса бүкіл Орталық Қазақстанды жаудан қорғайды. Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ: СУ 30 СМ әскер ұшағы ең жылдам техникалардың бірі. Оның жылдамдығы сағатына 1400 шақырымға жетеді. Бүкіл Орталық Қазақстанның әуе кеңістігін қорғайтын еліміздің астанасына небәрі 20- 30 минутта жетеді. Айдос ӨМІРЗАҚ, ҚР ӘӘК КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ Н.ӘБДІРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ АВИАЦИЯЛЫҚ БАЗАСЫНЫҢ ӘСКЕРИ ҰШҚЫШЫ: Және де бұл самолетта қанаттарының астында 12 точка подвески бар. Міне ракеталар ілінеді, мына жерге де тағыда подвеска іліп каждыйына ракета ілуге болады. Жойғыш ұшақтар суық қаруды әзір тек әскери жаттығуларда ғана жарып жүр. Алайда аспан сақшылары ел тыныштығын бейбіт күнде де қорғайды. Ол үшін әуе күштері жыл сайын жаңа техникалармен жабдықталып, ұшқыштар шеберліктерін шыңдайды. Айдос ӨМІРЗАҚ, ҚР ӘӘК КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ Н.ӘБДІРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ АВИАЦИЯЛЫҚ БАЗАСЫНЫҢ ӘСКЕРИ ҰШҚЫШЫ: Аспанда мойнымда үлкен жауапкершілік артылады. Өйткені ҚР азаматтарының қауіпсіздігін, әуе кеңістігін күзету біздің мойнымызда. Бұл әскери базада қырыққа жуық әскери адам ұшқыш жұмыс жасайды. Олардың басты мақсаты әуе кеңістікті қорғап, Қазақстанға тыныштық сыйлау.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын жерде жер сілкінді
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"
Елордада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Тар киім кию қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетіні рас па?
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Павлодар облысында жылыту пункттері 10 мың адамды қабылдауға дайын
Ауа райының бұзылуына байланысты Түркістан, Жамбыл облыстарында жол жабылады
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Айгүл Иманбаева күйеуінің қалай еркелететінін айтып мақтанды
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Шыңдағы рух күші: алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті