Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда Т1 терминалынан өтуге шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.Халықаралық әуежайдың ресми сайтындағы хабарламада Т1 терминалының шатырынан су кетуіне байланысты жөндеу жұмыстары жүріп жатқаны айтылған. Құрылыс компаниясы Астана халықаралық әуежайының ғимаратында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Осыған байланысты 1 сәуір мен 1 маусымы аралығында Т1 терминалының алдынан өту кезең-кезеңімен шектелетін болады, – делінген хабарламада. Әуежай жолаушыларға келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрады.