Астана әйел брендтік дүкеннен балалар киімін ұрлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz."Нұра" ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғынын анықтады.Тергеу барысында, әйелдің күндізгі уақытта қаланың сол жақ жағалауында орналасқан сауда үйіндегі брендтік бутиктердің біріне келгені анықталды. Әйел сауда залында клиент кейпінде тауарларды қарап жүріп, ешкімнің бақылап тұрмағанын пайдаланып, бірнеше балалар киімін жасырын ұрлап, дүкеннен шығып кеткен. Келтірілген материалдық шығын 157 мың теңгеден астам сома.Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әйел адам мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.Астана қаласының Полиция департаменті сауда қызметкерлеріне сақ болуға, күдікті тұлғаларға назар аударуға және жұмыс орнын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.