Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 9-турында «Астана» сырт алаңда «Оқжетпеспен» тең түсті.Елордалық клуб турнир кестесінде көш басында келеді. Ал көкшетаулық команда орта тұсында тұр. Соған қарамастан бүгінгі кездесуде есеп ашылған жоқ. Командалар 0:0 есебіне қанағат білдірді. Енді аталған турда 14 мамырда «Қайрат» (Алматы) пен «Ақтөбе», «Қайсар» (Қызылорда) мен «Тобыл» (Қостанай) командалары ойнайды. Еске салсақ, 13 мамырда «Каспий» «Ақсудан», «Қызылжар» «Жетісудан» 1:0, «Атырау» «Шахтерден», «Ордабасы» «Мақтаралдан» 2:1 есебімен басым түсті.