"Астана халықаралық форумында оңтайлы шешім қабылданады", - Президент

Астана халықаралық форумында ортақ проблеманы шешу мақсатында тиісті диалог алаңы ұсынылып отыр. Бұл туралы аталған форумның пленарлық отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.Президенттің айтуынша, әлемдегі климаттық жағдайға байланысты мемлекеттер бұл бағытта мәселелерді бірлесіп шешуі керек. Осы орайда жұмыла жұмыс істегендер табысқа жетеді. Бұл тұрғыда Біріккен Ұлттар Ұйымының ұстанымы мен құндылықтары бұл проблемамен күресудің ең тиімді жолы саналады. Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының ұстанымы да осы құндылықтарды қамтып тұрғанын, осы орайда ортақ проблеманы шешу мақсатында диалог пен ынтымақтыстықты ілгерілету, сондай-ақ дамуға бағыт-бағдар беру қамтамасыз етілетінін жеткізді. «Мен оптимистік көзқараспен алдағы екі күнде өтетін конструктивті талқылау бізді оңтайлы шешім қабылдауға және алдағы уақытта әріптестікке бағыттайтынына сенім білдіремін. Сөз соңында маған мына жайтты еске салуға рұқсат етіңіздер. Мазмұнды әңгіме мен серіктестікке жол ашу үшін ашықтық, шыдамдылық және бірлік ауадай қажет. Мен осы форумға және әрқайсыңызға сәттілік тілеймін. Баршаңызға бүгін біздің қатарымызға қосылғандарыңыз үшін тағы да алғыс айтамын. Талқылаулар сіздер үшін табысты болуына тілектестік білдіремін», - деді Мемлекет басшысы. Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордадағы Конгресс орталықта Астана халықаралық форумы жұмысын бастады. Форум климаттың өзгеруіне, азық-түлік тапшылығына және энергетикалық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді шешу жолдарын қарастыру мақсатында шетел үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың, бизнес пен ғылыми ортаның жоғары лауазымды делегаттарының диалогіне арналған алаң болмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды