"Астана жаңару мен жаңғыруға жол ашты", – Мемлекет басшысы

Астана жаңару мен жаңғыруға жол ашты. Бүгін Бас қаланың 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "Астананың бауырлас қалалары" форумында Мемлекет басшысы осылай деді. Шараға 13 мемлекеттен 17 муниципалитет басшысы келген.Бас қаланы Астанаға көшіру оңай болмады. Бұл тұста Тұңғыш Президенттің еңбегіне лайықты, әділ баға беру керек деді Президент. Жаңа елорда сол уақытта Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне тың серпін берді. Астананың салынуы – тарихта айрықша мәні бар оқиға болғанын атап өтті. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Бұл – халқымыздың болашақ тағдырын айқындаған аса маңызды және дер кезінде қабылданған тарихи шешім. Тұңғыш Президенттің осы бастамасы жаңа ұлттық идеяға айналды. Бұл шешім еліміздің, халқымыздың ұлттық мүддесіне сай келгеніне ешқандай күмән жоқ. Сондықтан бәріміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл саладағы еңбегіне лайықты, әділетті баға беруіміз керек. Бүгінде елорда жан-жақты әрі қарқынды дамып келеді. Қазір Астана – дінаралық диалог пен рухани дипломатияның ордасы. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі – соның айқын көрінісі. Осылай деген Президент, Астанада өткен ауқымды іс-шаралар мен танымал дін өкілдерінің келгенін еске алды. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Астанаға Рим папасы арнайы келгенін білесіздер. Кезінде аса мәртебелі ІІ Иоанн Павел қонақ болды. Былтыр аса қадірлі Франциск келді. Олар Қазақстанның әлемдік руханиятты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Біздің игі бастамаларымызға қолдау білдірді. Бұл – біз үшін зор мәртебе. Астана – діннің басын қосқан, дінбасылардың дәстүрін тоғыстырған шаһар. Бұдан бөлек, елорда төрінде талай мәрте дүбірлі додалар мен халықаралық сайыстар өтті. Бір сөзбен айтқанда, Астананы бірлік пен берекенің бесігі деуге толық негіз бар. Жиырмасыншы ғасырдың соңында бой көтерген Астананы қазір әлем таниды. Аз уақытта дамыған экономикасы мен инфрақұрылымы бар заманауи мегаполиске айналды. 33 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, 14 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылған. Жеңіс ҚАСЫМБЕК, ҚАЛА ӘКІМІ:Небәрі 25 жыл ішінде біз 33 млн шаршы метр тұрғын үй, 670 балабақша мен мектеп, жүзден астам мәдени және спорт нысандарын салдық. Астана әлемдік ауқымдағы таланттарды, жастарды, туристерді, инвесторларды және компанияларды тартатын креативті экономикасы бар сауда ағындары үшін аймақтық хабқа айналды. Шағын және орта бизнеске негізделген қала экономикасының өзін-өзі қамтамасыз ететін құрылымы қалыптасты. Келешекте де Астана геосаяси аймақтағы маңызды орталық ретінде дами бермек. Себебі, Астана – аймақтағы ірі қаржы орталығы. Әлемнің 75 елінен 2 мыңнан аса компания бизнес жүргізу үшін Астананы таңдаған. Бүгінде орталық елімізге 8 миллиард доллар инвестиция тартты. Бұл - жақсы көрсеткіш дейді Президент. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Әлемдік саясатшылар Астананы бейбітшілік алаңы дейді. Ұстанымы бөлек, мүдделері кереғар елдер осында бітімге келді. Келешекте де Астана біздің геосаяси аймақтағы маңызды орталық ретінде дами бермек. Мен бұған кәміл сенемін. 25 жылда бас қаланың аумағы 3 есе ұлғайып, халқының саны 4 есеге өсті. Сарапшылардың болжамы бойынша елорда тұрғындарының саны 2030 жылға қарай 2 миллионға жетеді. Ел астанасы мәртебесіне ие болған сәттен бері қаланың экономикалық әлеуеті де артты. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Мегаполистердің табысты болуының басты көрсеткіші оның тұрғындарының тұрмыс сапасымен өлшенуге тиіс. Сондықтан елорданы дамыту және абаттандыру кезінде біз «адам қала үшін емес, қала адам үшін» қағидатын басшылыққа аламыз. Адамға бағдарланған мұндай ұстаным мүлде басқа стратегиялық мақсатты көздейді. Қала әкімдігі, ең алдымен, тұрғындардың мүддесі мен қажетін басшылыққа алады. Астананың барша тұрғыны мен қонақтары үшін қалада барынша қолайлы орта қалыптастыру – аса маңызды мәселе. Астана қала тұрғындарына ғана емес, еліміздің барша азаматына мол мүмкіндік береді. Сондықтан білім беру, денсаулық сақтау, мәдени-демалыс мекемелері мен қоғамдық орындар барлық адамға бірдей қолжетімді болу керек деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Үйлесімді әрі теңгерімді мегаполис үшін тиімді көлік жүйесінің, соның ішінде дамыған қоғамдық көліктің, ыңғайлы велосипед және жаяу жүргіншілер аумағының болуы аса маңызды. Технологияның, атап айтқанда жасанды интеллекттің қарыштап дамуы қалаларды барынша сапалы басқару үшін жаңа мүмкіндддіктерге жол ашады. «Ақылды қала» тұжырымдамасын жүзеге асыру азаматтарға жаңа цифрлық қызмет ұсынуға, ғимараттардың энергия тұтыну тиімділігін айтарлықтай жетілдіруге, сондай-ақ көлік ағынын түбегейлі оңтайландырып, көшедегі қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді. Астана – жас әрі мақсаты асқақ қала. Ұлан-байтақ еліміздің әр аймағынан келген азаматтарымыз қалада тұрақтап қалуға тырысады. Талай жастың елордада бағы ашылды, олар өмірден өз орнын тапты. Бүгінде Астана – мол мүмкіндіктер қаласы. Мұнда әрбір азамат өз әлеуетін пайдаланып, мансап жолында жетістікке жетіп, өзінің арман-мақсатын жүзеге асыра алады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
2025 жыл қандай болмақ?
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"