Астана қаласында балабақша салынады деп белгіленген жерде көпқабатты үй бой көтермек

Астанада балабақша болады деп белгіленген жерге көпқабатты үй салынбақ. Тұрғындар бұған наразы. Себебі, бұл аумақта я мектеп, я балабақша жоқ. Ал бұған жауаптылар не дейді? Тілшіміз Динара Жақсыбайқызы тарқатады. Сандуғаш Бақытханқызы «Сезім қала» қалашығына осыдан 2 жыл бұрын көшіп келген. Баспана алмас бұрын ең алдымен тұрғын үй кешенінің жоспарымен танысып, есік алдында мемлекеттік балабақша болатынына қызығыпты. Алайда ол қуанышы су сепкендей басылды. Сандуғаш ЖАНБОСЫНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бізге план бойынша осы жерде гос садик болады деп айтты. Мектеп болады деді. Біреу емес, екеу болады деді. Біреу енді арғы жақтан салынса Төле би жақтан. Бер жақтан школа болады деп айтты, мектеп. Бірақ гос садик бойынша движение жоқ. Қалашық маңайында мемлекеттік бақша жоқ. Есесіне тұрғын үй көп. Жұрт балаларын 4-5 шақырым жердегі мектепке дейінгі тәрбие орнына тасиды. Ал кейбірі жеке балабақшаға қалдыруға мәжбүр. Алтынкүл КАХАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Қаншама халық мектепсіз, садиксіз жан-жаққа сандалып тасып жүрміз балаларымызды. Біздің жан-айқайымызды естісе екен дейміз әкімшілік. Сол мына жерге салдырмай гос садик пен мектеп салып берсін. Аян АМРИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Өзіміздің емхана болады, балабақша, мектеп, бірақ іс жүзінде мына жақта тек тұрғын үйлер ғана салынып жатыр. Біз әрине оған қарсымыз. Бұл жерде көлік қоятын орын болмай жатыр. Паркинг болады деген, бөлек тұратын, ол да жоқ. Тұрғындардың талабын қала әкімдігіне жеткіздік. Ондағылардың жауабы мынадай болды: АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІГІ: «SezimQala» тұрғын үй кешені аумағында екі мемлекеттік мектеп қарастырылған. Ал балабақшаға қатысты жер учаскесі 120 орындық мектепке дейінгі мекемесі, коммерциялық үй-жайлары және паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені үшін қолданыстағы бөлу бар екенін хабарлаймыз. Белгіленген жер учаскесінің меншік иесі-«Turan City» ЖШС. Компания басшылығы да, бас жоспар бойынша мұнда 120 орындық мектепке дейінгі мекеме, коммерциялық үй-жайлар және автотұрағы бар көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы қарастырылғанын жеткізді. Қалашық аумағында балабақша да болады. Бірақ мемлекеттік емес, жеке. "TURAN CITY" ЖШС: Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Осы алаңды нысаналы мақсаты бойынша игеру үшін инвесторлар іздестірілуде. Тұрғын үй кешені аумағында екі мектеп, екі балабақша салынады деген жоспар бар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді
Қазақстанның басым бөлігінде боран болып, тұман түседі
Алаяқтар «айыппұлмен» алдауға көшті
Ақмола облысында төрт жасар бала 39 магнитті жұтып қойды
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қазақстанның былтырғы күзде қанша астық экспорттағаны белгілі болды